Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • БАҚ біз туралы
      • БАҚ біз туралы 2025
      • БАҚ біз туралы 2024
      • БАҚ біз туралы 2023
      • БАҚ біз туралы 2022
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
      • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
      • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
      • Әдеби Ақ Жайық
      • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
      • Орал қаласының тарихи ғимараттары
      • Ақжайықтың экологиясы
      • Ақжайық өнері
      • Кітапхана басылымдары
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Жергілікті жазушылар
      • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
      • Акуштап Бақтыгереева
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2026
      • 2025
      • 2024
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
    • Арулар отты жылдарда жобасы
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Кітапхана туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • БАҚ біз туралы
        • БАҚ біз туралы 2025
        • БАҚ біз туралы 2024
        • БАҚ біз туралы 2023
        • БАҚ біз туралы 2022
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
        • Ақ Жайықтың көрнекті азаматтары
        • Ақ Жайықтың тарихи тұлғалары
        • Әдеби Ақ Жайық
        • Ақ Жайықтың тарихи оқиғалары
        • Орал қаласының тарихи ғимараттары
        • Ақжайықтың экологиясы
        • Ақжайық өнері
        • Кітапхана басылымдары
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • Орал өңірінің әдеби картасы
        • Жергілікті жазушылар
        • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
        • Акуштап Бақтыгереева
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2026
        • 2025
        • 2024
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
      • Арулар отты жылдарда жобасы
    • Виртуалды анықтама

    Blog

    Жаңалықтар > Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдық мерейтойы

    Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдық мерейтойы

    Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдық мерейтойы

    access_time31.07.2026
    perm_identity Posted by admin
    folder_open Жаңалықтар

    РУХАНИЯТТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫНА – 90 ЖЫЛ! 

    Қаратөбе ауданында руханият пен мәдениет саласындағы айтулы мереке – Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдық және аудандық балалар кітапханасының 60 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті.

    «Кітапхана – өткеннің үні, бүгіннің тынысы, келешектің үміті» тақырыбымен ұйымдастырылған мерейтойлық шара кітапхана ғимаратындағы салтанатты ашылу рәсімінен бастау алып, Шөптікөл мәдени-спорт кешеніндегі әсерлі мерекелік кешпен жалғасты.

    📖 Мерейтой аясында кітапхана ауласында мекеменің тарихы мен бүгінгі жетістіктерін танытатын мазмұнды көрмелер, сирек кітаптар қоры, архивтік құжаттар мен кітапхана шежіресіне арналған экспозициялар ұйымдастырылды. Қонақтар библиограф Жібек Мұрадымқызының таныстыруымен кітапхананың бай тарихына саяхат жасап, әр қабатта өткен мәдени-танымдық бағдарламаларға қатысты. Жаңа кітаптардың таныстырылымы мен балаларға арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» бағдарламасы көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

    🎤 Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев мерейтой иелерін құттықтап, кітапхананың ауданның рухани-мәдени дамуындағы маңызды орнын атап өтті.
    🌟 Шөптікөл мәдени-спорт кешенінде өткен мерекелік кеште аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев кітапхана ұжымын, сала ардагерлерін және оқырмандарды мерейлі мерекемен құттықтап, кітапхананың 90 жылдық тарихы – елдің рухани шежіресінің ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті.

    Тарихы терең кітапхана 1936 жылы небәрі 2 мың дана кітап қорымен өз жұмысын бастаса, бүгінде аудандық, балалар және 18 ауылдық бөлімше кітапхананы біріктіретін іргелі мәдени ошаққа айналды. Қазіргі таңда кітапхана қоры 238 мыңнан астам кітапты құрап, мыңдаған оқырманға сапалы қызмет көрсетіп келеді.

    🏅 Мерейтой барысында кітапхана саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірнеше буын кітапханашылардың еңбегі жоғары бағаланды. Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мәдениет қызметкерлері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.

    Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Алғыс хаттары кітапхана жүйесінің директоры Нұржамал Берниязоваға және әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлжанат Шүиншалиеваға табысталды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, Қаратөбе ауданы әкімінің, салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары мен төсбелгілерімен марапатталды.
    📚 Мерейтойға арнайы қатысқан Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаева құттықтау сөз сөйлеп, облыстық кітапхана атынан бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлерін марапаттады.

    💐 Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы, ардагер Бейбіт Сағынғалиев жүрекжарды лебізін білдіріп, кітаптың адам өміріндегі және ұлт тәрбиесіндегі айрықша маңызын ерекше атап өтті.
    🎶 Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, «Кітапханашы қыздар-ай, қыздар», «Біздер кітапханашы» әндері шырқалып, кітапханашылар жергілікті ақындардың өлеңдерін оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Көп жылдар бойы кітапхана саласында еңбек еткен ардагерлерге гүл шоқтары табысталып, лайықты құрмет көрсетілді.
    ✨ Тоқсан жылдық тарихы бар Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі – өткеннің өнегесін бүгінмен сабақтастырып, келешекке жол ашқан руханияттың қарашаңырағы. Бүгінде заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқырман мәдениетін қалыптастыру жолында абыройлы қызметін жалғастырып келеді.
    Барша кітапхана қызметкерлерін, сала ардагерлерін, оқырмандарды және руханият жанашырларын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Қасиетті қарашаңырақтың шамшырағы сөнбей, кітап пен білімге деген құрмет әрдайым асқақтай берсін!

    Newer Көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды
    Older LIBRARY WORKSHOP 2026

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • LIBRARY WORKSHOP 2026
    • Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдық мерейтойы
    • Көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды
    • Басты кітапхана 155
    • Басты кітапхана 155

    просмотров: 12

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2026 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up