LIBRARY WORKSHOP 2026
LIBRARY WORKSHOP 2026
Сарыөмір ауылдық мәдениет үйінде Теректі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оңтүстік аймақ кітапханалары ұйымдастырған «Жайықтың жағасынан жалындаған рух» атты LIBRARY WORKSHOP 2026 шығармашылық-кәсіби алаңы өтті.
Шара Талпын ауылдық кітапханасы ұйымдастырған «Ақжайықтың ардақты тұлғалары» көрмесімен басталды. Одан кейін Жайық өңірінің тарихы мен рухани мұрасын дәріптеген бейнеролик көрсетіліп, кітапханашыларға арналған «Комплимент сыйла: рухани краудфандинг» тренингі өткізілді.
Кәсіби алаңға Ақжайық, Шағатай, Ақсоғым, Аңқаты және Сарыөмір ауылдық округтері кітапханалары қатысып, өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырды. Сарыөмір кітапханасы Хамза Есенжановқа арналған әдеби таныстырылым ұсынса, Ақжайық кітапханасы Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған поэтикалық қойылым көрсетті. Аңқаты кітапханасы «Ақмаржан әлемі» әдеби портретін, ал Шағатай кітапханасы Бауыржан Ғұбайдуллин шығармашылығына арналған интерактивті әдеби квест ұйымдастырды.
Шараға Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Шолпан Уразаева мен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Аманғалиева қатысты.


Пікір үстеу