«Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» ақпараттық сағаты ұйымдастырылды
«Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» ақпараттық сағаты ұйымдастырылды
3 – тамыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Халық композиторы, әнші, ақын, күйші, домбырашы Мұхит Мерәліұлының туғанына 185 жыл толуына орай «Белсенді өмір сүру» орталығында
атты ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, «Белсенді өмір сүру» орталығындағы қызмет алушы ардагерлер Б.Иманғалиев, С.Жұбанышқалиев, С.Қабиров, Р.Алмағанбетова М.Мерәліұлының «Зауреш»,«Жас өмір», «Демалыс»,«Айнамкөз», «Кіші айдай» т.б. әндерін нақышына келтіріп, домбырамен орындады. Кітапхананың өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміндегі қордан М.Мерәліұлының күйлері мен шығармашылық мұрасы туралы әдебиеттерден «Қазақ ән өнерінің саңлағы Мұхит Мерәліұлы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара қортындысында белсене қатысқан ардагерлерге Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының атынан марапат табысталды.









Пікір үстеу