«Президент жолдауы – әділетті Қазақстан экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды
«Президент жолдауы – әділетті Қазақстан экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылды
access_time24.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Әділетті Қазақстан құру – басты мақсат.
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын оқырманға таныстыру мақсатында Орталық балалар кітапханасында Өнер мектебінің қызметкерлеріне «Президент жолдауы – әділетті Қазақстан экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылып , көрмемен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Бұл Жолдау елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы басым бағыттарды айқындауға арналған
Президенттің сөзінде саяси реформаларды экономикалық жаңғырумен ұштастыру қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Президенттің бұл Жолдауы – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды бағдар және ел дамуының жаңа кезеңін бастауға арналған нақты жоспар. Қатысушылар Жолдау жайлы өз ойларымен бөлісіп кеше ғана Ана тілі газетінде шыққан Президентіміздің “Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту ” атты ашық сұхбатын оқып, тыңдады.






Пікір үстеу