Алты алаштың ардағы Есенберлин әлемі
Алты алаштың ардағы Есенберлин әлемі
access_time16.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
15 – ші қаңтар орталықтандырылған кітапхана жүйесінде көрнекті қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай арнайы “Алты алаштың ардағы Есенберлин әлемі” тақырыбында Қ.Жұмалиев атындағы мектеп – гимназиясының 8ә сынып оқушыларының қатысуымен әдеби вернисаж өткізілді.
Мақсаты: Жазушының шығармаларына заманауи көзқарас тұрғысынан сараптама жасау және оның әдеби мұрасын бейнеролик арқылы жаңаша көзқараспен бағалау.
Шара қазақты тарихымен қауыштырған қаламгердің өмірі мен ұлттық әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқандығы және жазушы шығармаларын қатысушы жастарға рухани азық ретінде таныстырылды.
І.Есенберлиннің көркем әдебиеттің поэзия, проза, драматургия жанрларында жазылған шығармаларынан кітаптарға шолу жасалып, “Ғашықтар” романынан қысқаша бейнеролик көрсетілді.




Пікір үстеу