«Ғылымға керегі – дарын, дарынға керегі – ғалым» тақырыбында кездесу кеші өтті
«Ғылымға керегі – дарын, дарынға керегі – ғалым» тақырыбында кездесу кеші өтті
access_time28.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
28 ақпан күні «Ғалымдар кітапханада» жобасы аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енген Сарсенбек Алиакбарұлы Монтаевпен «Ғылымға керегі – дарын, дарынға керегі – ғалым» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Құнды ойлар мен ғылыми тәжірибелермен бөліскен көрнекті тұлға, ғылым мен білім саласындағы жаңашыл идеяларымен жастарға жігер берді. Сарсенбек Алиакбарұлы «дарын мен ғылым бір-бірін толықтырып, жаңа биіктерге жетелейді», – деді. Шәкірттері phD докторлары Жарылғапов Сабит, Мұратбай Рыскалиев және Алтынай Шингужиева қатысты. Техника ғылымдарының магистрі, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аға оқытушысы Алия Уразова модератор болды.
Кездесу кешіне ғалымның әріптестері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысты.







Пікір үстеу