«Ақ Жайық – On Line» Батыс Қазақстан облысының тарихы, өлкетануы және қазіргі дамуы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады. Кітапхананың ресми сайты ретінде құрылған бұл ресурс оқырмандарды барынша толық ақпараттандыруға ықпал етеді және электронды каталогтарды онлайн режимде пайдалануға мүмкіндік береді.
Өлкетану әдебиеті бөлімі өлке туралы ақпаратты анықтау, сақтау және берумен байланысты жұмыстардың бүкіл кешенін атқарады. Бөлім қызметкерлері өз қызметінде ақпараттық және баспа бағыттарын басымдық ретінде санайды. Бөлімнің кітаптар мен мерзімді басылымдардан тұратын анықтамалық-ақпараттық қорларында 4 мыңға жуық сақтау бірлігі бар. Олардың қатарында төңкеріске дейінгі сирек кездесетін басылымдар да бар. Кітап жинағында еліміздің ірі кітапханалары мен архивтерінің қорларынан алынған өлке туралы сирек құжаттардың көшірмелері ерекше орын алады. Жыл сайын бөлімге қарап шығу және талдамалы сипаттама жасау (роспись) үшін мерзімді басылымдар: ресейлік, республикалық және облыстық газет-журналдар түсіп тұрады.
Сайттың тиімді жұмыс істеуі үшін облыстық және аудандық археологиялық орталықтармен серіктестік қарым-қатынас орнатылған, сондай-ақ Жазушылар мен Суретшілер одақтарымен, өлкетанушылармен, тарихшылармен және туған өлкенің тарихына бейжай қарамайтын басқа да ұйымдармен ынтымақтастық жолға қойылған.
Сайт келесі бөлімдерден тұрады:
- Орал өңірінің Құрметті азаматтары
- Орал өңірінің тарихи тұлғалары
- Әдеби Ақжайық
- Ақжайықтың тарихи оқиғалары
- Тарихи ғимараттар
- Ақжайық экологиясы
- Ақжайық (Орал өңірі) өнері
- Кітапхана басылымдары.
- Орал өңірінің Құрметті азаматтары. Бұл бөлімге қала мен облыстың, сондай-ақ жалпы республиканың тарихына, экономикасына, саясатына, ғылымы мен мәдениетіне орасан зор үлес қосқан жандар туралы мәліметтер енгізілген. Мұнда Мұстахым Ихсанов, Шмидт Айталиев, Бисен Жұмағалиев, Бірғаным Әйтімова және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлер туралы материалдар ұсынылған. Өмірбаяндары осы бөлімде орналастырылған барлық тұлғаларға «Орал өңірінің Құрметті азаматы» жоғары атағы берілген.
- Орал өңірінің тарихи тұлғалары. Орал өңірі – есімдері аймақ шекарасынан тыс жерлерге де кеңінен танымал атақты хандар мен батырлардың Отаны. Олар тек осы өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи тағдырын айқындауда маңызды рөл атқарды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін оқырмандардың ұлттық мәдениеттің бастауларына, сондай-ақ бұрын баспасөзде сирек жарияланған төңкеріске дейінгі кезеңнің оқиғалары мен тұлғаларына деген қызығушылығы артты. Бұл бөлімнен Сырым Датов, Исатай батыр, Жәңгір хан, Мақаш әкім және т.б. көрнекті тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы толығырақ білуге болады.
- Әдеби Ақжайық. Орал өңірі таланттарға бай. Дәл осы топырақта Махамбет Өтемісұлы, Ғұмар Қараш, Тайыр Жароков, Хамза Есенжанов, Қадыр Мырзалиев, Ақұштап Бақтыгереева дүниеге келіп, шығармашылықпен айналысқан. Өңірдің бай тарихы әр жылдары осы өлкеде болған ұлы орыс жазушылары мен ақындарын да баурап алды: Александр Сергеевич Пушкин, Владимир Даль, Владимир Короленко, Михаил Шолохов және басқалары. Бөлімде көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі әдеби өлкетану бойынша бірегей мәліметтер жинақталған.
- Ақжайықтың тарихи оқиғалары. Бірегей географиялық орналасуы, өзіндік өмір салты, әлеуметтік-таптық және ұлттық қатынастардың күрделі тоғысуы – осының бәрі Орал өңірінің аса бай тарихында көрініс тапты. Бөлімде аймақтың басты тарихи белестері сипатталады: Сырым Датов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер, Бөкей хан Ордасындағы маңызды оқиғалар, «Алаш-Орда» партиясы Батыс қанатының қызметі және басқа да елеулі тарихи деректер.
- Тарихи ғимараттар. Еуропа мен Азия мәдениеттерінің өзара сабақтастығы Орал қаласының сәулеттік келбетіне қайталанбас із қалдырды. Қазіргі заманғы қала оның көпғасырлық тарихын айқын көрсететін көне сәулет өнерімен үйлесімді ұштасып жатыр. Бұл бөлімнен Карев үйі, Михайло-Архангельск соборы, Овчинников үйі, ағайынды Ванюшиндер үйі және т.б. сәулет ескерткіштері туралы толық ақпарат таба аласыз.
- Ақжайық экологиясы. Батыс Қазақстан аумағында қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ аймақтың су ресурстарына елеулі техногендік салмақ түсіретін нысандар орналасқан (атап айтқанда, Капустин Яр полигоны және Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны). «Ақжайық экологиясы» бөлімінде Жайық өзені бассейні мен Шалқар көлінің өзекті мәселелері, атмосфераның өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы және басқа де экологиялық аспектілер қамтылады.
- Ақжайық өнері. Көпғасырлық өзіндік қазақ халық өнері ғасырлар бойы ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа оңай беріліп отырған поэзия мен музыкадан көрініс тапты. Далада ән, өлең және күй бір-бірінен ажырағысыз болған, сондықтан даңқты халық ақындары мен жырауларының көпшілігі бір уақытта әрі ақын, әрі композитор, әрі орындаушы болған. Орал өңірінің киелі топырағында ұлы Құрманғазы, Дина, Мұхит, Қатимолла шығармашылықпен айналысқан. Сондай-ақ, мұнда қазіргі заманғы музыкалық және хореографиялық ұжымдар, соның ішінде М. Бисенғалиевтің жетекшілігімен жұмыс істейтін Мемлекеттік камералық оркестр («Солистер академиясы») туралы ақпарат берілген. Бұл туралы толық мәлімет осы бөлімде жинақталған.
- Кітапхана басылымдары. Бұл бөлімде кітапханамыздың баспа қызметі туралы мәліметтер орналастырылған. Мұнда шығарылым көлемі жыл сайын артып келе жатқан библиографиялық көрсеткіштер мен әдістемелік құралдар ұсынылған. Сонымен қатар, пайдаланушылар Батыс Қазақстан облысы бойынша қажетті әдебиеттер тізімін қашықтан алу үшін кітапхананың электронды каталогтарына жүгіне алады.
«Ақ Жайық – On Line» – аймақтың қазіргі тыныс-тіршілігіндегі оқиғаларға жедел үн қосатын, қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық ресурс. Сайт Батыс Қазақстан облысы бойынша толық мәліметтер базасы болып табылады, мұнда қазақ және орыс тілдерінде білімнің әртүрлі салалары бойынша білікті ақпарат алуға болады.
Интернет-ресурс жаһандық желінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді. Барша ниет білдірушілерді біздің сайтқа кіруге шақырамыз!
Біздің электрондық поштамыз: Е-mail: zko.kraeved.2006@mail.ru

