Орыс жазушысы, лексикограф, этнограф Даль Владимир Иванович 1801 жылы Казак Луганский жерінде дүниеге келген. Петербург ҒА-ның жаратылыстану ғылымы бойынша корреспондент мүшесі, Орынбор өлкесінен жинаған өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің коллекциясы үшін Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі. Теңіз корпусын, Дерпт университетін дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Орал қаласында, Орынборда дәрігер, кейіннен шенеунік болады. Дальдің Жайық өңіріндегі қазақ ауылдарын аралап, олардың тұрмыс-тіршілігі туралы «Бикей мен Мәулен» повесін жазған. Бөкей Ордасында жиі болған. Осы өңір қазақтары арасында сыйлы, беделді болғандығын 1836-38 жылдары көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлының Орынбор генерал-губернаторына жазған хатынан аңғарылады: «Біз өзіміздің арыз-шағымдарымызды подполковник Даль мырзаның тексеруін өте-мөте өтінеміз». Орал қаласындағы Даль болған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылған.