ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып саналатын бұл ғимарат 1880 жылдар шамасында салынған. Ағайынды көпестер Ванюшиндер біздің өңірімізге танымал адамдар болған. Олардың біреуі К.А. Ванюшин көп жылдар бойы Орал орманшылар қоғамының төрағасы қызметінде болып, Орал қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру қызметін атқарды.
Ал А.А. Ванюшина №1 ратификациялау зауытының қожайыны болды. Оның зауытынан шыққан асханалық шараптың тіл үйірер дәмі үшін 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Бүкіләлемдік көремеде медаль алған.
Ванюшиндердің үлкен үйінде Коммерциялық клуб, сауда орындары болған.
Кейінгі жылдары бұл ғимаратта уберниялық өнім комитеті, ауылшаруашылығы техникумы орналасқан.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл ғимаратта Одессаның әскери-техникалық училищесі қоныстанды. Содан кейін қайтада ауылшаруашылығы техникумы, кейін Пионерлер Үйі болды.
Қазіргі кезде қаладағы бұл әсем ғимаратта №38 қазақ орта мектебі орналасқан.

