Кирсанов мемлекеттік кешенді зоологиялық қорықшасы

1967 жылы ұйымдастырылған, 1999 жылы республикалық дәрежеде маңызы бар статус берілді. Ол облыстың солтүстік бөлігінде, Жайық өзенінің арнасында 61 000 гектар жерді алып жатыр. Бұл аумақ қазіргі уақытта Зеленов, Бөрлі, Теректі аудандарының қарамағына қарайды. Қорықша аумағында орман және шалғындық өсімдіктері басым: ақтерек, емен, шегіршін, ақтал және жыралар мен сайларда аққайын, көктерек кездеседі; орманда інжугүл, қарабүлдірген, өлеңшөп; шалғында-күреңше, өлеңшөп, шалғындық түлкі құйрық, құрғақ айрауық, жатаған бидайық, бетеге, еркек шөп. Сирек кездесетін өсімдік түрлеріне – кіші гүлкекіре, кәдімгі талқурай үлкен түйежапырақ, қоңырауша, сылдыршөп және ешкі тал жатады. Қорықша аумағында 120 омыртқалы жануарлар, соның ішінде 60 құс түрі, 20 сүтқбректі жануарлар, қосмекенділердің 5 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі және балықтың 30 түрін кездестіруге болады.

Сүтқоректілер ішінде – жұпар тышқан, орман сусары, еуропа қара күзені Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына еніп, қорғауға алынған және құндыз, ақкіс, бұлан, елік, сілеусін, жабайы шошқа, түлкі т.б. көптеген аңдар кездеседі.

Құстардың ішінде ең көп тараған түрлері – саз құладыны, кезқүйрық, сандуғаштар, шымшықтар, сайрақтар, көк құтан, кәдімгі көкек, шағала және т.б. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген түрлерге аққұйрықты су бүркіті, үкі жатады.

Қосмекенділерден жасыл және кәдімгі құрбақа, көл бақа, кәдімгі тарбақа және шөп бақасы бар.
Бауырымен жорғалаушылар – батпақ тасбақасы, секіргіш кесіртке, сарыбас жылан және сұр жылан кездеседі.

Жалтыркөл мемлекеттік зоологиялық қорықшасы

1967 жылы ұйымдастырылды. 1992 жылы республикалық дәрежеде маңызы бар статус берілді. Жаңақала ауданы Көшім өзенінің құяр жеріндегі 19 000 гектар аумақты алып жатыр. Қорықша Балықты-Көшім бөлігіндегі көлді-суармалы жерде орналасқан. Өсімдіктер жамылғысы негізінен бұталар мен шөптесін өсімдіктер. Көл маңайын жағалай қамыс пен қоға өскен, судан қашықтаған сайын – ащышөп, иттабан, жыңғыл, бұзаубас, ақ жусан, итсигек, ақселеу мен бетеге өскен. Сирек кездесетін түрлерге-қүм самалдық, түйетікен, София сармаласы, жолжелкен, еркекшөп жатады.

Қорықшада жануарлар дүниесінің таралуына өте қолайлы. Әсіресе, құстардың 70 -тен артық түрлері, соның ішінде су жағалауы және суда жүзетін қанаттылар көп. Оның 14 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген. Сирек кездесетін құстардан мұнда ұя салатындары: бірқазандар, сұңқылдақ аққу, қоқиқаз, ақбас үйрек, кіші аққұтан, жалбағай, ақбас тырна және т.б. 90 түрден артық сүтқоректілер кездеседі, әсіресе, қабан, киік, орқоян, кәдімгі түлкі, қарсақ, кеміргішті түрлері жиі кездеседі, соңғы кезде жанат тәрізді ит даралары кездеседі.

Сонымен қатар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және су қойнауы балық түрлеріне өте бай, оның ішінде сазан, тұқыш, аққайран, көксерке, шортан тәрізді балықтар.
Қорықшада орқоян, жабайы шошқа, шуі, бірқазан, жалбағай, ақбас тырна, безгелдек және аққұйрықты субүркіті және т.б. жануарлар қорғалады.


Бударин мемлекеттік зоологаялық қорықшасы

1967 жылы құрылып, 1992 жылы республикалық дәрежеде маңызы бар статус берілді. Жайық өзені бойында солтустіктен Скворцово ауылынан оңтүстікте Барановка ауылына дейінгі 80,0 мың шаршы жердегі Зеленов, Ақжайық аудандары аумағын алып жатыр. Қорықша аумағында шалғындық және ағаш тектес есімдіктер басым. Қара тал, қара теректі жерлер шегіршін, ақтерекпен ауысады; шалғындықта әртурлі шептесін өсімдіктер айрауық, жалаң мия, жусан, бетеге. Сирек кездесетін түрлерге дәрілік жалбызтікен, кәдімгі талқурай, беріаяқ, жолжелкен.

Бұл өңірдің жануарлар дүниесі сан түрлілігімен ерекшеленеді. Құстардың 56 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, бауырымен жорғалаушьшардың 6, қосмекенділердің 4, балықтардың 30 түрі кездеседі. Қорықша аумағында қортпа, сүйрік балықтары, еуропа қара күзені, бұлан, елік, құндыз, жұпар тышқан және сұңқылдақ аққу, аққұйрықты субүркіті т.б. аң – құстар қорғалады.