Құрметті Ақұштап Бақтыгерейқызы!
Құрметті Ақұштап Бақтыгерейқызы!
access_time24.08.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Сізді Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы мен оқырмандары атынан туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақтың сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосып, жырларыңызбен талай жүрекке жол тапқан қаламыңыз әрдайым мұқалмасын. Өміріңіз қуанышқа, көңіліңіз шуаққа толы болсын. Әр атқан таңыңыз жақсылықпен арайланып, әр күніңіз құрмет пен ыстық ықыласқа бөленсін. Жаныңызға жақын жандардың ортасында аман-есен, шаттықпен ғұмыр кешіңіз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Жұбан Молдағалиев атындағы
облыстық орталық кітапхана ұжымы мен оқырмандары



Пікір үстеу