Анықтама және тіркеу бөлімі

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада  анықтама және тіркеу секторы жеке құрылымдық сектор ретінде 2006 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істей бастады.

Сектор жұмысының негізгі бағыттары:
        – кітапхана қызметін пайдаланушыларға автоматтандырылған тәртіппен бірыңғай оқырман билетін беру арқылы оқырмандарды кітапханаға  жазу.

 

  • оқырмандарды кітапхана құрылымы мен кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру.
  • оқырмандарға кітапханада өтетін түрлі шараларға қатысу туралы ақпарат беріп отыру.
  • ауызша, тақырыптық анықтамалар орындау, ЭК (электронды каталог), ДҚ (деректер қоры)  арқылы әдебиеттерді іздестіру.
  • оқырмандарды ақпаратты  іздеу  әдістеріне оқыту.

Сектордың  мақсаты:

  • тұрғындардың барлық топтарына кітапханалық қызмет көрсетуге қол жеткізу.
  • оқырмандарды ақпарат тасқынында өз бетімен бағыт табуына үйрету.
  • барлық кітапханалық ресурстарды тиімді пайдалану

 

Сектор жетекшісі: Бекжанова Ақмоншақ Тоқтарбайқызы
Телефон: 8(7112) 50 04 03