Кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы

Кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы кітап қорын толықтыру бөлімінен кітапхананың құрылымдық бөлімі ретінде 2004 жылы қаңтар айында бөлініп шықты.

Сектордың негізгі міндеттері:

  • жаңадан келген әдебиеттерді ғылыми өңдеуден өткізу – каталогтау саласында қолданылатын ұлттық стандарттар мен ережелерге сәйкес құжатты индекстеу және библиографиялық сипаттама жазу.
  • кітапхана ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электрондық  пішімде ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
  • оқырмандар мен кітапхана мамандары арасында каталогтар жүйесін жарнамалау;
  • жаңадан түскен әдебиеттерді ОҒӘК-ның құрылымдық бөлімдеріне уақытылы және жедел түрде жеткізіп отыру;
  • каталогтарды жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпаратпен толықтыру және қордан шыққан әдебиеттер туралы мәліметтерді шығарып тастау.
  • Жыл сайын бөлім 4,0 мыңнан астам құжатқа (кітап, бейнебасылымдар, картографиялық деректер, ноталық басылымдар, бейнематериалдар, дыбыс жазбалары, CD-ROM ) реттеуші құжаттарды басшылыққа ала отырып, өңдеу жұмыстарын жүргізеді

 

Сектордың  оқырмандарға ұсынатын қосымша қызметтері:

  • мекемелер үшін УДК және КБЖ (ББК) кестелері бойынша құжаттың мазмұнына сәйкес классификациялық (жіктелу) индексін анықтайды;
  • мекемелер үшін құжаттардың библиографиялық сипаттамасын құрастырады.

 

Сектор меңгерушісі: Кабашева Мунира Шияпқызы
Телефон: 8(7112) 50 -75-49