Мәжит Жүнісов 1917 жылғы қыркүйектің 21-інде Жаңақала ауданының Жаңақазан ауы¬лында шопан отбасында дүниеге келген. Жасынан мал баққан ол Кеңес Армиясы қатବрына 1938 жылы шақы¬ры-лып, Ұлы Отан соғы¬сына 1942 жыл¬дан бастап араласты. Кешік¬¬пей алғаш-қы “Жауынгерлік еңбегі үшін” медалін кеудесіне тақты.
1943 жылдың қыркүйек айындағы түндердің бірінде М.Жүні¬сов бастаған сарбаздар жау тылына жасырын еніп, неміс полкінің штабына граната тастап, 25-тен аса фашистің көзін жойды. Азық-түлік артқан ке-руені мен күзетшілерін тұтқынға ал¬ды. Тапсырманы ойдағыдай орын¬даған Мәжит Жүнісов ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.
Топчино селосы үшін болған ұрыста Мәжит Жүнісов бөлімшесінің жа¬уын¬герлері жаудың пулемет ұясын, 30 солдаты мен офицерін жойып жіберді, әскери жүк және радиостансалар тиелген 15 шанасын қолға түсірді. Осы операциядан кейін Мәжит Жүнісовке «Ерлігі үшін» медалі тап¬сырылды.
Мәжиттің жауынгер¬лік шеберлігі күн сайын шыңдала түсті. 1943 жыл¬дың қара күзінде 845-ат¬қыштар полкі (303-атқыштар див謬зиясы, 57-армия, Далалық май¬дан) автоматшылар ротасының стар¬ши¬насы Мәжит Жүнісов бастаған топ Червонное селосының маңында (Днепропетровск облысы) Днепрден сал арқылы түн жамылып, арғы бетке өтті. Жау тылына жасырын еніп, тұтқиылдан тиіскен топ аз-кем атыстан соң жаудың екі взводының көзін құртып, ротаның арғы бетке аман-есен өтуіне жол ашты. Жауынгерлік тапсырманы орындауда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Мәжит Жүнісовке 1943 жылғы желтоқсанның 20-сында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазақтың қаһарман сарбазы Чехослова¬кия астанасы – Праганы азат ету үшін болған шайқастардың бірінде ерлік¬пен қаза тапты. Ольшанскідегі кеңес жауынгерлерінің бауырлас¬тар бейітіне жерленді. Батысқазақстандық батырдың есімі мәрмәр тасқа ойып жазылды. Ал туған жері Жаңақазан ауылында мүсіні орнатылып, мектепке аты берілсе, Орал қаласындағы бір көше де Мәжит Жүнісов есімімен аталады.
Алыстағы Жаңақазанда өмір есігін ашып, Прагада жер қойнына Батыр болып енген Мәжит Жүнісовтің есімі ұмытылмақ емес.
Әдебиеттер тiзiмi
1961 жыл
1.Мұхаметжанов Е. Батыр хабіріне бас идім // Лениншіл жас.-1961.-25 қаңтар.
1962 жыл
2.Гробарж Я. Славин – Мәжиттің соңғы тыныс алған жері: Советтер Одағының Батыры Жүнісов Мәжит жайлы // Лениншіл жас.-1962.-11 тамыз.
3.Мәжит туралы соңғы деректер // Лениншіл жас.-1962.-27 мамыр.
4.Набиуллин Ж. Мәжит батырдың өмірбаяны // Лениншіл жас.-1962.-12 мамыр.
5.Набиуллин Ж. Мәжит Жүнісов – Совет Одағының Батыры // Лениншіл жас.-1962.-9 қаңтар.
1966 жыл
6.Кәлиев Е. Ескерткіш орнатылды: [Жаңақала ауылында орнатылған Мәжит Жүнісовтың ескерткіші туралы] // Орал өңірі.-1966.-16 қыркүйек.
1968 жыл
7.Масқаров Ж. Батыр жерлесіміз: [Мәжит Жүнісов жайында] // Орал өңірі.-1968.-11 мамыр.
1969 жыл
8.Жүнісов Мәжит: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-233-234 б.
1973 жыл
9.Хасенов М. Алыста қалған ағамыз // Көкшетау правдасы.-1973.-14 тамыз.
1978 жыл
10.Садықов С. Батыр туралы баллада // Орал өңірі.-1978.-2 қараша.
1983 жыл
11.Кәкішев Т. Батыр бейнесі Прага алаңында // Қазақ әдебиеті.-1983.-6 мамыр.
1985 жыл
12.Хасанов С. Ерлігі ұрпақтарға ұлағатты // Орал өңірі.-1985.-22 наурыз.
1995 жыл
13.Ғазезқызы Д. Мәжит Жүнісов есімінде: [Жаңақала ауданы, Жаңақазан Орта мектебіне батыр Мәжит Жүнісовтің есімі берілді] // Орал өңірі.-1995.-6 мамыр.
2005 жыл
14.Бейісбай С. Қазақ қазақты іздейді: [Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісовтың қабірі Чехия астанасы Прага қаласынан табылды] // Дала мен қала.-2005.-6 мамыр.
15.Жүнісов Мәжит: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-18 б.
16.Қарабек Е., Жиенбай Ә. Прагадағы қазақ батырының зиратына 60 жылдан соң ат ізін салдық // Жас Алаш.-2005.-5 мамыр; Орал өңірі.-2005.-14 мамыр.
17.Мақанұлы Н Жаңақалалық жаужүрек жауынгер: [Мәжит Жүнісов туралы]// Жаңарған өңір.-2005.–9 мамыр.-2 б.
18.Хасан С. Прагадағы қазақ батыры // Қазақ әдебиеті.-2005.-24 маусым.
2006 жыл
19.Қуатов Б. Ерлік даңқы жалғаса береді // Информбиржа.-2006.-20 сәуір.-15 б.
2010 жыл
20.Ақбасов Ө. Құмның қайсар қазағы: [Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісов] // Орал өңірі.-2010.-27 мамыр.-5 б.
21.Әміреев М. Бір ескерткіштің тарихы: [Мәжит Жүнісов туралы дерек] // Жаңарған өңір.-2010.-22 наурыз.-2 б.
22.Жаңақала жерінен шыққан батырлар: [Айтқұлов Сәлім Нығметұлы, Жақсығұлов Садық Шакелұлы, Жүнісов Мәжит, Орақбаев Есен Шегірейұлы фотолары мен өмірбаяндары] // Жаңарған өңір.-2010.-9 мамыр.-1 б.
23.Ақбасов Ө. Құмның қайсар қазағы: [Мәжит Жүнісов туралы] // Жаңарған өңір.- 2010.-9 мамыр.-2 б.
24.Жүнісов Мәжит: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-293-294 б.
25.Жүнісов Мәжит: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-92-93 б.
26.Жүнісов Мәжит: өмірдерек // Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-19 б.
2012 жыл
27.Алдоңғарова И. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұлағат!: [Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісовтің туғанына 95 жыл] // Жастар жанары.-2012.-26 қыркүйек.-8 б.
28.Бақтығұлова Г. Батырды ұлықтады: [М. Жүнісовтың туғанына 95 жыл толуына орай] // Жаңарған өңір.- 2012 жыл.-22 қыркүйек.-2 б.