“Қазына”оқу шаңырағының кезекті отырысы өтті
“Қазына”оқу шаңырағының кезекті отырысы өтті
20 мамыр күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханада кітапханашылар арасында кітап оқуды насихаттап, әдеби шығармаларды талқылауға бағытталған «Қазына» оқу шаңырағының кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы кеңінен талқыланды. Қатысушылар шығармадағы ұлттық болмыс, әйел тағдыры, қоғамдағы өзгерістер мен кейіпкерлер психологиясы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, романның бүгінгі қоғаммен үндестігі сараланып, әр қатысушы өз әсерімен бөлісті.
Шара барысында қатысушылар Kahoot қосымшасы арқылы дайындалған тест сұрақтарына жауап беріп, белсенділік танытты. Интеллектуалдық форматтағы тапсырмалар жиынның мазмұнын арттырып, қатысушылардың қызығушылығын оятты.


Пікір үстеу