Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс шара
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс шара
access_time22.05.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері бірқатар марапаттарға ие болды.
Қазақстан кітапханалар одағының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен кітапхана директорының орынбасары Жиеналиева Уркия Кенжебаевна және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы Сдыкова Даржан Анваровна марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!






Пікір үстеу