«Сырлы жүрек пернесі» атты көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.
«Сырлы жүрек пернесі» атты көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.
access_time06.05.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
6 мамыр күні Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттеріне арнап ерекше рухани шара ұйымдастырылды.
🎼 Қазақ өнерінің көрнекті өкілі — жазушы, композитор, көсемсөзші, суретші, этнограф, музыкатанушы Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына орай «Сырлы жүрек пернесі» атты көшпелі кітап көрмесі ұсынылды.
📖 Көрме барысында сазгердің өмір жолы мен мол мұрасы жан-жақты таныстырылып, студенттерге кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, кітапхана қорына жаңадан түскен, өнердің әр саласына арналған сұранысқа ие кітаптар да көпшілік назарына ұсынылды.
✨ Аталған көшпелі кітап көрмесі студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға зор ықпал етеді.











Пікір үстеу