Ұлттық кітап күні қарсаңында ерекше әдеби кеш өтті!
Ұлттық кітап күні қарсаңында ерекше әдеби кеш өтті!
access_time22.04.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Аталған шара апталықтың «Кітап – достық амбассадоры» бағыты аясында ұйымдастырылды. «Әдебиет әлемінің бағбандары» атты тағылымды кездесуде оқырмандар балалар әдебиетін дамытуға үлес қосып жүрген аудармашы-қаламгерлермен жүздесті. Кеш қонақтары – Бауыржан Ғұбайдолла, Талап Таймасұлы және Гүлнафис Айшихова.
Кездесу барысында әдебиет, аударма саласы және балаларға арналған шығармалардың маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, балғын бүлдіршіндердің өнері кешке ерекше жылулық сыйлап, көрермен көңілін көтерді.
Айта кетейік, кешке БҚИТУ және Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері, #37 Жұлдыз ай бөбөкжайының “Балапан” тобының тәрбиеленушілері де белсене қатысып, өз қызығушылықтарын білдірді.













Пікір үстеу