Мамандар күні өткізілді
Мамандар күні өткізілді
access_time16.04.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
16 сәуір күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бастауыш мектеп» мамандығының 1-курс студенттеріне «Кәсіби әлемге – кітап арқылы» тақырыбында Мамандар күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің таңдаған мамандығы туралы түсінігін кеңейтіп, оларды адал еңбек пен жауапкершілікке баулу болды.
Шара барысында студенттерге арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, болашақ мамандықтарына қатысты құнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, «Ойлан, тап!» атты зияткерлік ойын өткізіліп, қатысушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.






Пікір үстеу