Кітап апталығының ашылуы өтті!
Кітап апталығының ашылуы өтті!
📚 16 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітап апталығының ашылуы өтті!
Атаулы күн аясында Жұбан Молдағалиев атындағы ООӘҒК-ның 155 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа кітапхана – ұлттық сана мен руханият келбеті» атты облыстық конференциямен бастау алған шара Сырым ауданындағы Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында ұйымдастырылды.
Конференцияның басты мақсаты – заманауи кітапханалардың қоғамдағы рөлін жаңаша пайымдау, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызын арттыру және сала мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Конференция аясында Сырым ауданының тарихы туралы «Туған өлке – тұнған тарих» кітап көрмесі ұсынылып, қатысушыларға жаңа кітапхана кеңістігімен танысуға мүмкіндік беретін библио-экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК-ның 155 жылдығына орай «Бас кітапхана – ортақ тарих» атты облыстық жобаның ресми ашылуы өтті.
Пленарлық отырыста кітапхана ісінің даму үрдістері, жаһандану жағдайындағы жаңа миссиясы, цифрлық трансформация, инновациялық бағыттар сөз болды.
Пленарлық отырысқа зиялы қауым, ақын-жазушылар, кітапхана ісінің ардагерлері мен мамандары қатысты.
Конференция барысында:
• ұлттық руханият пен әдеби мұраны насихаттау,
• кітапханадағы заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері,
• «Smart library» және метағалам кеңістігіндегі кітапхана үлгілері,
• кітапханалық жобаларды жүзеге асыру тәжірибелері ұсынылды.
Тәжірибелік бөлімде: «Руханият пен білім тоғысқан кеңістік» атты тәжірибе алмасу аймағы ұйымдастырылып интерактивті тренингтер, зияткерлік ойындар, цифрлық дәуірдегі кітапхана қызметінің трансформациясы, өлке әдебиетін дәріптеу, кітапхана кеңістігін жобалау және инновациялық қызмет үлгілері бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Бұл конференция кітапхана ісінің жаңа бағыттарын айқындап, кәсіби байланысты нығайтуға, сондай-ақ ұлттық руханиятты дамыту жолындағы маңызды алаң болды.
Конференцияға 300-ге тарта адам қатысты.
















Пікір үстеу