«Тұнық жырдың тұмары» кездесу кеші
«Тұнық жырдың тұмары» кездесу кеші
access_time26.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
«Төбесі аласармас алып шыңдай,
Дәстүрден құламаған қалып сынбай!
Дәуірдің көшіменен дәуірлеген –
Құт мекен – Қаратөбе бағыт тынбай!, – деп Туған жерін жырға қосқан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қырғызстан Республикасының «Шыңғыс Айтматов», «Гүлсайра Мамунова» атындағы және «Алтын калем» медальдарының иегері Өзбекстан Республикасының «Әлішер Науаи» атындағы орденінің иегері, облыстық «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, өлкетанушы, ғалым-ұстаз, жерлесіміз Талап Таймасұлына арналған «Тұнық жырдың тұмары» атты Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен кездесу кеші өтті.
Сұлу сөзбен сырлы жырға толы кеш барысы Т.Таймасұлының өмірі мен шығармашылығы туралы видеороликпен басталды.
Аудан әкімі м.у.а. Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы ақынды 60 жас мерейтойымен құттықтап, шығармашылығына шабыт, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ақынға құрмет көрсетіліп, осы бір ерекше сәтте қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша иығына шапан жауып, «Қаратөбе ауданына сіңірген еңбегіңіз үшін» меделімен марапаттады.
Кездесу кешіне ақын Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы, жерлесіміз, ақын Жазушылар Одағының мүшесі Бимұханов Ертай Сағындықұлы, Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, БҚИТУ-дың қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжіғалиев Марат Қайыржанұлы, жас жазушы, «Ақберен» жас ақындар мектебінің шәкірті Нұрлан Едігиндер қатысып, ақынға деген ыстық лебіздерін білдірді.
Кеш әрі қарай Ақынның қаламынан туған өлең-жырлармен жалғасын тауып, аудандық кітапхананың қызметкерлері мен оқырмандар поэзия оқып, жерлес әншілеріміз Ж.Рамазанов «Қаратөбе ұланы біз», Сәнжан – Мира Байтемировтар «Ауылдың ағалары», Н.Шадияров «Құрбы – құрдас», Азамат-Тұрсынзада Әсемовтар «Құт мекенім – Саралжыным» әндерін орындады.














Пікір үстеу