«Қаржылық сауаттылық» атты шеберлік кеңесі ұйымдастырылды
«Қаржылық сауаттылық» атты шеберлік кеңесі ұйымдастырылды
access_time19.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Бүгін 19 ақпан кітапханада «Еңбекпен шыңдалған жетістік» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» атты шеберлік кеңесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — кәсіпкерлік салада жетістікке жеткен азаматтардың тәжірибесімен бөлісу, жастарға табыстың артында тұрған адал еңбек пен табандылықты түсіндіру.
Қонақ ретінде блогер, бизнес-практик, ресторатор және кәсіпкер Салимова Жазира Меңдіханқызы шақырылып, өзінің кәсіпкерлік жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Шара барысында қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы, бюджетті дұрыс басқару және үнемділік тақырыптары қозғалды. Қатысушыларға қаржылық тәртіптің адамның өзіне деген жауапкершілігі мен сенімділігін арттыратыны айтылды.
Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қаржылық жоспарлау – болашаққа сенімді қадам жасау» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.






Пікір үстеу