Облыстық кітапханада “Қазына”оқу залының отырысы өтті
Облыстық кітапханада “Қазына”оқу залының отырысы өтті
access_time20.02.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
20 ақпан күні облыстық кітапханада кітапханашылар арасында кітап оқып, талқылауға бағытталған «Қазына» оқу шаңырағының отырысы өтті. Басқосуда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы кеңінен талданды.
Талқылау барысында қатысушылар шығармадағы тарихи кезең, қазақ қоғамындағы әйел бейнесі, Ұлпанның парасаттылығы мен қайсарлығы туралы ой бөлісті. Кейіпкердің даналығы, ел бірлігін сақтаудағы рөлі және адамгершілік құндылықтары ерекше аталып өтті.
Кітапханашылар романның тәрбиелік мәніне тоқталып, оның бүгінгі оқырман үшін де маңызын жоғалтпағанын айтты. Әсерлі пікірлер мен мазмұнды ойлар ортаға салынып, рухани байлыққа толы әсерлі кездесу өтті.





Пікір үстеу