Search for:
  • Басты
  • Кітапхана туралы
    • Әкімшілік
    • Кітапхана сандарда
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана туралы
    • Кітапхана бөлімдері
    • Пайдалану ережесі
    • БАҚ біз туралы
      • БАҚ біз туралы 2025
      • БАҚ біз туралы 2024
      • БАҚ біз туралы 2023
      • БАҚ біз туралы 2022
  • Ресурстар
    • Электрондық ақпараттық ресурстар
    • Интернет-ресурстар
    • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
    • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
  • Электронды каталог
  • Баспа қызметі
    • Мультимедиялық құралдар
    • Біздің басылымдар
  • Өлкетану
    • Ақжайық онлайн
    • Ақжайық өңірінің батырлары
    • «Өлкетану-Аймақ»
    • Орал өңірінің әдеби картасы
      • Жергілікті жазушылар
      • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
    • Орал өңірінің әдеби портреттері
      • Жоба туралы
      • Хамза Есенжанов
      • Сагынгали Сеитов
      • Таир Жароков
      • Қайрат Жұмағалиев
      • Ғұмар Қараш
      • Акуштап Бақтыгереева
    • «Облыстық Бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасы
    • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
    • Атаулы күндер күнтізбесі
      • 2026
      • 2025
      • 2024
      • 2023
      • 2022
      • 2021
      • 2020
      • 2019
    • Арулар отты жылдарда жобасы
  • Виртуалды анықтама
  • phone +7 (7112) 50-35-09
  • email info@zkolib.kz
  • Жұмыс кестесі: Сс-Жс 9:00 дaн 19:00 дейін
    • Қаз
    • Рус
  • Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасы
    • Басты
    • Кітапхана туралы
      • Әкімшілік
      • Кітапхана сандарда
      • Кітапхана тарихы
      • Кітапхана туралы
      • Кітапхана бөлімдері
      • Пайдалану ережесі
      • БАҚ біз туралы
        • БАҚ біз туралы 2025
        • БАҚ біз туралы 2024
        • БАҚ біз туралы 2023
        • БАҚ біз туралы 2022
    • Ресурстар
      • Электрондық ақпараттық ресурстар
      • Интернет-ресурстар
      • Мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы
      • Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар
    • Электронды каталог
    • Баспа қызметі
      • Мультимедиялық құралдар
      • Біздің басылымдар
    • Өлкетану
      • Ақжайық онлайн
      • Ақжайық өңірінің батырлары
      • «Өлкетану-Аймақ»
      • Орал өңірінің әдеби картасы
        • Жергілікті жазушылар
        • Жайық өңіріне келген орыс ақын- жазушылары
      • Орал өңірінің әдеби портреттері
        • Жоба туралы
        • Хамза Есенжанов
        • Сагынгали Сеитов
        • Таир Жароков
        • Қайрат Жұмағалиев
        • Ғұмар Қараш
        • Акуштап Бақтыгереева
      • «Облыстық Бас кітапханаға авторлық қолтаңбамен» жобасы
      • «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы»
      • Атаулы күндер күнтізбесі
        • 2026
        • 2025
        • 2024
        • 2023
        • 2022
        • 2021
        • 2020
        • 2019
      • Арулар отты жылдарда жобасы
    • Виртуалды анықтама

    Blog

    Жаңалықтар > Жыр аманатын арқалап жетсе ақындар

    Жыр аманатын арқалап жетсе ақындар

    Жыр аманатын арқалап жетсе ақындар

    access_time29.04.2025
    perm_identity Posted by admin123 admin123
    folder_open Жаңалықтар
    «Ақжайыққа келсең, ақынмын деме» дейді Батыс өңірінде. Ал сол туған мекеннен түлеп ұшқан мұзбалақтар шыңдалып, елге оралып, жұртшылықпен жүздессе, сондай асқан мерей бар ма?! Бүгін Ақжайығымыздың арынды ақыны Асантемір Қаршығаұлы аудан орталығына қасына белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлын ерте келіп, Жұбан ақынның рухына тағзым етті.
    Алдымен қос ақын жуырда модернизациядан өткен Сағынғали Сейітов атындағы аудан кітапханаға ат басын бұрып, заманауи өзгерген рухани орданы аралап шықты. Осында жайылған кең қанатты «Жұбан елі – жыр әлемі» атты кітап көрмесінен Ақжайықтың мақтан етер қаламгерлерінің туындыларымен танысты.
    Ақындардың елге сапарының басты мақсаты – биыл 105 жылдығы ауқымды аталып өтетін Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын дәріптеу, оның рухымен сырласу. Мақсаттары орындалды да, екеуі ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды.
    Артынша Жұбан орталығында «Жыр көшінде – қос ақын» тақырыбында әдебиетсүйер қауыммен емен-жарқын жүздесу өтті. Аталмыш шараның тізгінін қолына алған облыс ақыны Мейірман Шәкенов меймандарды таныстырып, Жұбан мен жасын жыр тақырыбында ой-толғанысын бөлісті. Ақын шығармашылығындағы эпикалық жанрдың ерекшеліктеріне тоқталды.
    Жырды жастанып оқитын оқырманға мәлім дерек: Жұбан Молдағалиевтің «Қыран дала» мен «Сел» поэмалары – КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленген дара туындылар. Осы екі жырдан үзіндіні Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Сәтжан Елешев пен осы колледждің студенті Шерхан Ғұбайдоллин оқып берді.
    Әдебиетіміздегі ірі құбылыс Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығы ақынның кіндік қаны тамған жерден ауқымды шаралармен шеру тартып, атырап-аймағымызда жалғасуда. Осы жүздесуде сөз алған А.Қаршығаұлы мен Б.Қарағызұлы барлық мерейтойлары кезіндегідей, бұл зерделі шаралардың да Жұбан елінің жақсы атын шығаратынына сенім білдірді.
    – Жұбан бүкіл қазаққа ортақ болғанымен, оның әруағы алдында, әрине, жерлестерінің парызы, міндеті салмақтырақ. Тұрғындар, жастар поэзиямыздың аса көрнекті тұлғасының ақындық алымдылығы мен азаматтық келбетіне жан-жақты қаныға түскені абзал, – десе А.Қаршығаұлы, Б.Қарағызұлы текті перзентін ұлықтаған жұртшылыққа ризашылығын білдірді, ақынға мәңгі құрметке тәнті екенін жеткізді.
    Осыдан соң кезек қос ақынның шығармашылығына да келіп, Асан Темірдің «Менің бабам» өлеңін Арман Шыңғали, Бауыржан Қарағызұлының «Сұрақ» өлеңін Тұрсынай Сейтжанова оқып берді. Ақжайық ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Ақын-жыршылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев қос ақынның шығармашылығына жоғары баға беріп, әдебиет әлеміндегі орнын атап өтті.
    Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Райгүл Серікқалиқызы меймандарға құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.
    Newer Қос кітапхана жаңартылды
    Older 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

    Пікір үстеу Жауапты болдырмау

    Search for:
    Соңғы жазбалар
    • «Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!
    • “ТУҒАН АУЫЛ” кітабының тұсаукесері
    • “Тіл-туған туы” тіл фестивалі өтті.
    • «Ұлт рухының алтын қазығы – тіл» кітап көрмесінің тұсаукесері
    • Басты кітапхана 155

    просмотров: 9

    • location_on
      ЗКО, г. Уральск, ул. Карева, д. 47
    • phone_android
      8 (7112) 50-76-90
    • phone_android
      8 (7112) 50-75-45
    • phone_android
      8 (7112) 50-35-09
    • email
      info@zkolib.kz
    © 2026 Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана. Барлық құқықттары қорғалған.
    keyboard_arrow_up