1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды
access_time29.04.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Бүгін 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Тамыры терең татулық» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Татулық пен достықты дәріптеп, көпұлтты еліміздің мәдениетін ұлықтауға арналған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арнайы қонақ ретінде қатысты. Ішкі істер органдарының ардагері, БҚО Полиция департаменті Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Блекешов Бектибай Дарбайұлы мен М.Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы, магистр Майманова Нұршат Нұрханқызы мерекелік күннің маңызы туралы айтты.
Шара барысында БҚИТУ-нің «Салалық технологиялар» факультетінің және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері патриоттық өлеңдер оқыса, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері «Айжан қыз» биін билеп, Дамир Оңаев пен Құдайберген Ғалып халық күйі «Балбырауын» туындысын әуелетсе, шара соңында Ерғалиқызы Лиза «Қазақстан» әнін шырқады. «Ынтымақ түбі – игілік» атты тақырыптық кітап көрмесі жасақталып, оқырман назарына ұсынылды.






Пікір үстеу