Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлт рухының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өткізілді
Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлт рухының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өткізілді
access_time25.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
25 ақпан күні кітапханада Қазақстанның халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлт рухының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге М.Өтемісұлы БҚУ–нің филология факультетінің мұғалімі Шаекенов Жангелді Жұмақайұлы мен аталған оқу орнының филология факультетінен 3-ші курс студенттері қатысты. Студенттер «Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы», «Есенберлин романдары – қазақ халқының шежіресі», «Қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының дамуы» атты баяндамалар дайындап, жазушының романдары мен поэзияларына тоқталып, жазушы шығармашылығы жайлы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Шара соңында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың орынбасары Сагинова Нұрлыгүл Аяпқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.






Пікір үстеу