“Кітап арқылы өзінді таны” атты топтық шара өткізілді
“Кітап арқылы өзінді таны” атты топтық шара өткізілді
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залы мен оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Алтын уақыт кітаппен” атты жоба аясында “Кітап арқылы өзінді таны” атты топтық шара өткізілді. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады. Осындай бағытта халқымыздың көрнекті жазушысы, драматург Д Исабековтың “Гаухар тас” повесін оқуға ұсынған болатын. Шарамыз достық шеңберінде “Жүректен-жүрекке” атты жақсы лебіздерін айтумен басталды. “Кітапқұмарлар” тобы кейіпкерлердің жағымды жағын баяндап берсе, “Кітапсүйерлер” тобы жағымсыз жағына сипаттама беріп жарыса қатысқан болатын. “Көңілді тапқырлар” кезеңінде оқушылар сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Шарамыздың келесі кезеніне Ақберен Елгезектің “Болмаған балалық шақ” әңгімесін кітапханашы Владимирова Ақбота Ерланқызы оқуға ұсынды.






Пікір үстеу