Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», – деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриям Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұлы дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді – жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтты. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы ән» (авторы – А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

<h3><b>Әдебиеттер тiзiмi</b></h3>
<b>1961 жыл</b>
1.Жумақанов Ж. Қазақ қызы // Социалистік Қазақстан.-1943.-28 желтоқсан.

1944 жыл
2.Аға сержант М.Ж. Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағын беру туралы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы // Социалистік Қазақстан.-1944.-5 наурыз.
3.Жұмалиев Қ. Қазақ қызы // Социалистік Қазақстан.-1944.-8 наурыз.
4.Иванов Е. Ажалсыз атақ // Социалистік Қазақстан.-1944.-3 мамыр.
5.Қалауова З. Батыр сіңлім: өлең // Социалистік Қазақстан.-1944.-8 наурыз.
6.Мәметова Ә. Менің сүйіктім: [Мәншүк туралы анасының есте қалғаны] //Социалистік Қазақстан.-1944.-8 наурыз.
7.Невель қаласында Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнату туралы. Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінде //Социалистік Қазақстан.-1944.-14 қараша.
8.Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыста қаза тапқан Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыру туралы Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесі мен ҚК/б/П Орталық Комитетінің қаулысы // Социалистік Қазақстан.-1944.-8 шілде.
9.Ұлы Отанның Батыр қызы: [М. Мәметованың ерлігі туралы] // Социалистік Қазақстан.-1944.-5 наурыз.

1945 жыл
10.Хакімжанова М. Мәншүк: [Советтер Одағының Батыры Мәметова Мәншүк туралы поэма].-Алматы, 1945.-42 б.

1946 жыл
11.Мәншүк жайлы // Социалистік Қазақстан.-1946.-8 наурыз.
12.Шахворстова Н. Мәншүк біздің мектепте оқыды // Қазақстан пионері.-1947.-7 наурыз.

1953 жыл
13.Батыр қыз // Лениншіл жас.-1953.-16 қазан.
14.Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске түсіру // Социалистік Қазақстан.-1953.-22 қазан.

1958 жыл
15.Қозыбаев М. Батыр Мәншүк // Лениншіл жас.-1958.-15 қазан.

1959 жыл
16.Әбдірахманова Т. Мәншүк: өлең // Қазақ әдебиеті.-1959.-6 наурыз.
17.Мәншүк хаттары: [М. Мәметованың анасына жазған хаттарынан] //Лениншіл жас.-1959.-9 мамыр.

1961 жыл
18.Хакімжанова М. Мәншүк: Поэмадан үзінді // Аяулы жандар.-Алматы:Қазмембас, 1961.-247-261 б.

1962 жыл
19.Мәңгі ұмытылмайды // Қазақстан әйелдері.-1962.-№10.-9 б.

1963 жыл
20.Гаркуша Г. Өшпейтін ерлік // Батыс Қазақстан.-1963.-15 қазан.
21.Есқараев И. Қазақтың батыр қызы // Жетісу.-1963.-15 қазан.
22.Қасымова Р. Еліміздің жарық жұлдызы // Коммунизм туы.-1963.-16 қазан.
23.Нұрқасымов У. Сөнбейтін шырақ // Қазақстан әйелдері.-1963.-№10.-15 б.
24.Хакімжанова М. Батыр қыз: [М. Мәметованың ерлікпен қаза тапқанына 20 жыл толуына орай] // Лениншіл жас.-1963.-15 қазан.
25.Шыңғысұлы Ұ. Өлмейтін өмір туралы // Орал өңірі.-1963.-15 қазан.

1964 жыл
26.Александров Е. Псков үшін жан қиған: [Совет Одағының Батыры М.Мәметова туралы] // Лениншіл жас.-1964.-23 ақпан.
27.Қыдыров Х. Батыр қыз // Батыс Қазақстан.-1964.-15 шілде.

1965 жыл
28.Еңбекшілер депутаттары Невель қалалық Совет атқару комитетінің қаулысынан: Қаланың көшелеріне Советтер Одағының Батырлары Ы. Сүлейменовтың, М. Мәметованың есімдерін беру жайында // Лениншіл жас.-1965.-25 сәуір.
29.Жұмақанов Ж. Қасиетті Невель, қарт Невель // Социалистік Қазақстан.-1965.-9 сәуір.
30.Қаһарман қыздар: [Совет Одағының Батыры атағын алған әйелдер туралы очерктер].-Алматы: Қазақстан, 1965.-768 б.
31.Хакімжанова М. Мәншүк Мәметова.-Алматы: Жазушы, 1965.-28 б.
32.Чечеткина О. Мәншүк батыр // Қаһарман қыздар.-Алматы: Қазақстан,1965.-322-337 б.
33.Чечеткина О. Мәншүк батыр // Орал өңірі.-1965.-5, 6 наурыз.

1966 жыл
34.Ерлік тәрбиеден туады: [Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ батырлары жайында жинақ] // Құраст. Ж. Қалиасқаров.-Алматы: Мектеп, 1966.-86б.

1967 жыл
35.Мәметова Ә. Менің Мәншүгім осындай болған // Социалистік Қазақстан.- 1967.-12 қараша.

1968 жыл
36.Нұршайықов Ә. Мәншүк әні // Социалистік Қазақстан.-1966.-8 наурыз.
37.Өмірзақов Ө. Мәншүк: өлең // Қазақстан мұғалімі.-1966.-10 наурыз.
38.Текебаева Ш. Мәншүк Батыр // Орал өңірі.-1966.-22 ақпан.
39.Хакімжанова М. Мәншүк // Орал өңірі.-1966.-14 желтоқсан.
41.Жұмақанов Ж. Қазақ халқының қаһарман қыздары // Қазақстан коммунисі.-1968.-№2.-54-57 б.
42.Рахымбеков Р. Мәншүк туралы сөз // Лениншіл жас.-1968.-15 қазан.
43.Ыдырысов Т. Қаһарман қыздар бейнесі // Қазақстан әйелдері.-1968.-№5.-7- 8 б.

1969 жыл
44.Мәметова Мәншүк: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969.-21-22 б.
45.Сапаров Д. «Қамажай»: М. Мәметова туралы әңгіме.-Алматы: Жазушы, 1969.-108 б.

1970 жыл
46.Жақсыбаев А. Мәншүк туралы ән // Қазақ әдебиеті.-1970.-28 ақпан.
47.Құмарова Ш. «Мәншүк» туралы ән // Мәдениет және тұрмыс.-1970.-№5.-8-9 б.
48.Уалиханов Ғ. Қаһарман қазақ қыздары // Лениншіл жас.-1970.-7 наурыз.
49.Шарабасов С., Әндіжанов М. Мәншүк туралы жыр // Орал өңірі.-1970.-5 қыркүйек.

1971 жыл
50.Қуанәлиев Қ. Батыр қызға ескерткіш // Қазақ әдебиеті.-1971.-27 тамыз.
51.Миханов К. Ерлік символы: [Жәнібек ауданы орталығына орнатылған ескерткіш] // Лениншіл жас.-1971.-12 тамыз.
52.Миханов Қ. Мәншүкке ескерткіш ашылды // Орал өңірі.-1971.-30 шілде.

1972 жыл
53.Аталин Т. Мәншүкті еске түсіруде // Орал өңірі.-1972.-15 шілде.
54.Қазақтың тұңғыш батыр қызы // Құраст. К. Қоңырбаева.-Орал, 1972.-3 б.
55.Мәметова Ә. Құлыным, Мәншүгім! // Лениншіл жас.-1972.-30 қыркүйек.
56.Мәулетов Ж. Жақсының аты өшпейді // Орал өңірі.-1972.-15 шілде.
57.Набиуллин Ж. Отан деп соққан от жүрек // Орал өңірі.-1972.-15 шілде.
58.Нұрқасымов У. Отан деп соққан от жүрек // Орал өңірі.-1972.-15 шілде.
59.Оразалиев П. Жүректерде жатталады // Лениншіл жас.-1972.-15 шілде.
60.Хакімжанова М. Біздің Мәншүк: Естеліктен үзінді // Лениншіл жас.-1972.-15 шілде.

1973 жыл
61.Ол өмірге іңкәр еді: [М. Мәметованың ерлігіне 30 жыл] // Лениншіл жас.-1973.-13 қазан.
62.Ыбыраев Е. Қазақтың батыр қызы // Социалистік Қазақстан.-1973.-14 қазан.

1974 жыл
63.Жұмақанов Ж. Москвадан Псковқа дейін.-Алматы: Қазақстан, 1974.-120 б.
64.Мұхамбетьярова К. Ерлер есімі ұмытылмайды // Орал өңірі.-1974.-18 желтоқсан.

1975 жыл
65.Гундарев В. Батыр Мәншүк // Коммунизм нұры.-1975.-25 шілде.
66.Каллемов Ғ. Батыр баршаға ортақ // Социалистік Қазақстан.-1975.-23 ақпан.
67.Нұршайықов Ә. Невель түбінде // Социалистік Қазақстан.-1975.-19, 21, 22, 24, 25 қаңтар.
68.Шынжылыұлы М. Ерлік ешқашан ұмытылмайды // Білім және еңбек.- 1975.-№2.-8-9 б.

1976 жыл
69.Асқаров С. Қыран қияда самғайды // Лениншіл жас.-1976.-10 қаңтар.

1977 жыл
70.Нұрқасымов У. Отан үшін от кешкен: [М. Мәметова жайлы деректі очерк]// Орал өңірі.-1977.-16 қараша.

1978 жыл
71.Мәметова Ә. Мәншүгім – Моншағым // Лениншіл жас.-1978.-27 қазан.
72.Хакімжанова М. Ерлік өлмейді // Білім және еңбек.-1978.-№6.-24-25 б.

1979 жыл
73.Өтепбергенов Қ. Мәңгі өшпейтін ерлік: [Совет Одағының Батыры М. Мәметоваға Орал қаласында мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды] // Орал өңірі.-1979.-24 тамыз.

1980 жыл
74.Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың анасына және А. Қ. Қойшығұловқа жазған хаттарынан // Орал өңірі.-1980.-6 наурыз.

1982 жыл
75.Айтбайұлы Т. «Мәншүк әні» // Қазақстан пионері.-1982.-7 қазан.
76.Айымбетов М. Жүректе қалған бір бейне // Пионер.-1982.-№10.-12-14 б.
77.Боков А. Халқымыздың қаһарман қызы // Қазақстан үгітшісі.-1982.-№18.-26-27.
78.Ганьшина Г. Даңқы үндейді ерлікке // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.
79.Ершориева Ұ. Өмірі өткен күнде, өзі бізбен бірге // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.
80.Зайцева В. Мәншүк – менің шәкіртім // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.
81.Қаһарман қыздың ерлігі – халықтың мәңгі жадында // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.
82.Нұршайықов Ә. Невельдегі кездесу // Социалистік Қазақстан.-1982.-10 маусым.
83.Неталиев М. Мәншүк: өлең // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.
84.Тәржіманова К. Ол еңбек сүйгіш еді: [М. Мәметова жайлы] // Орал өңірі.- 1982.-2 қазан.
85.Шахин А. Бәрі де батыр атында // Орал өңірі.-1982.-2 қазан.

1983 жыл
86.Ершуриева Ұ. Невель түбіндегі төбеде // Орал өңірі.-1983.-15 қазан.
87.Имашев М. Қаһарман қызға құрмет // Семей таңы.-1983.-16 ақпан.
88.Сыздықов Ш. Қаруластарым менің: Деректі әңгіме // Коммунизм нұры.- 1983.-21, 24 мамыр.
89.Сыздықов Ш. Мәншүктің әні // Лениншіл жас.-1983.-18 қазан.
90.Сыздықов Ш. Мәншүк: [М. Мәметова жайлы естелік] // Орал өңірі.-1983.- 26, 27 қазан.

1984 жыл
91.Байменшин С. Нариманов көшесіндегі 51-ші үй: [Совет Одағының Батыры М. Мәметованың музей-үйі туралы] // Лениншіл жас.-1984.-25 ақпан.

1985 жыл
92.Ершориева Ұ. Мәншүк ерлігі – мәңгілік // Орал өңірі.-1985.-8 мамыр.
93.Жұмақанов Ж. Мәншүк Мәметова // Қазақ әдебиеті.-1985.-8 наурыз.-4-5б.
94.Қазақ халқының даңқты қыздары: [Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай Совет Одағының Батыры М. Маметова туралы анықтама суретімен берілген] // Октябрь туы.-1985.-4 сәуір.-3 б.
95.Сыздықов Ш. Батыр қарындасым. Аттаныс алдында: Деректі әңгіме //Орталық Қазақстан.-1985.-23-24 қаңтар.
96.Сыздықов Ш. Мәншүктің ақырғы шайқасы // Оңтүстік Қазақстан.-1985.- 13 қыркүйек.
97.Сыздықов Ш. Мәншүктің өшпес ерлігі: Деректі повесть.-Алматы: Қазақстан, 1985.-104 б.
98.Тасамбаев Е. Қасық қан: Естелік әңгіме // Қазақ әдебиеті.-1985.-29 наурыз.-4, 5, 10, 11 б.
99.Тұрарбеков З. Бір ауылдың қос қыраны: [М. Мәметова мен Т. Масин туралы] // Лениншіл жас.-1985.-13 тамыз.
100.Хакімжанова М. Батыр даңқы өшпейді // Жұлдыз.-1985.-№11.-169-174 б.
101.Тұрарбеков З. Халқымыздың қаһарман қызы: [Ақ Жайық өңірінің Батыры М. Мәметова туралы] // Орал өңірі.-1985.-21 наурыз.
102.Ілімтонова С. Мәңгілік махаббат // Социалистік Қазақстан.-1985.-28 сәуір.

1986 жыл
103.Жарақты жауды жайратқан // Орал өңірі.-1986.-5 қараша.

1987 жыл
104.Ершуриева Ұ. Шығыстың шолпаны // Орал өңірі.-1987.-9 мамыр.
105.Шошанов С. Ерлік соңы – шат өмір // Қазақстан әйелдері.-1987.-№10.- 15 б.

1990 жыл
106.Жомартов Ж. Мәншүк есімі мәңгі есте: [Жеңіс мерекесі қарсаңында №1 орта мектеп пен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген шарада Совет Одағының Батыры М. Маметованың ерлігі дәріптелді] // Октябрь туы.-1990.-9 мамыр.-2б.
107.Құлкенов М. Аққан жұлдыз // Лениншіл жас.-1990.-24 шілде.
108.Құлкенов М. Қыршын тағдыр // Орал өңірі.-1990.-9, 10, 11 тамыз.
109.Құсайынов Д. Арманда кеткен ару: Өлең // Октябрь туы.-1990.-8 наурыз.-4 б.

1991 жыл
110.Ершориева Ұ. Жастықтың алауындай, намыстың жалауындай // Орал өңірі.-1991.-9 қазан.
111.Қабылов М. Мәншүк апайымыздың балалық шағынан көпшілік біле бермейтін бір үзік сыр // Ақ желкен.-1991.-№5.-5-6 б.
112.Қосанов Ә. Сурет сыры // Орал өңірі.-1991.-21 маусым.
113.Құдайбергенов Р. Алтын асығымды тауып алғандай болдым // Орал өңірі.-1991.-12 қараша.
114.Меңдіғалиев М. Қазақтың тұңғыш дәрігер жазушысы: [М. Мәметованың әкесі А. Мәметов туралы] // Орал өңірі.-1991.-11 қыркүйек.

1992 жыл
115.Ершориева Ұ. Батыр қыздың рухы өшпейді // Орал өңірі.-1992.-15 шілде.
116.Жұмағазиев С. Батыр қыздың әкесі // Халық кеңесі.-1992.-11 желтоқсан.
117.Жұмашев Ғ. Мәншүктің тумалары // Орал өңірі.-1992.-7 наурыз.
118.Кенжалиев И. Мәншүк туралы неге аз білеміз? // Орал өңірі.-1992.-8 қыркүйек.
119.Мәншүк Мәметованың 70 жылдығы аталып өтті Орда ауданында // Орал өңірі.-1992.-6 қазан.
120.Мәншүк туралы жыр // Қазақстан әйелдері.-1992.-№5.-1 б.
121.Мұхамеджанова А. Мәңгілікке ұласқан ғұмыр // Сұхбат.-1992.-27 қазан.-1 б.
122.Нәсекенұлы И. Мәншүктің ата-анасы кім?: «Қазақ әдебиеті» газетінде 1990 жылғы 3 тамызда жарияланған сурет сыры // Қазақ әдебиеті.-1992.- №45.-14 б.
123.Төлеуғалиев Т. Есімі де, ерлігі де мәңгілік: [М. Мәметоваға арналған концерт] // Орал өңірі.-1992.-13 мамыр.
124.Халимулдина А., Халимулдин Ә. Мәншүктің жұлдызды сәті: Естеліктер.- Алматы: Балауса, 1992.-448 б.

1993 жыл
125.Жұмашев Ж. Мәншүк есімімен аталса ше ?// Октябрь туы.-1993.-9 сәуір.- 4 б.
126.Қосанов Ә. Ақиқатты анықтайықшы // Қазақ әдебиеті.-1993.-№16.-4 б.
127.Сәдірқызы Г. Қазақтың қаһарман қызы // Орал өңірі.-1993.-21 қыркүйек.

1994 жыл
128.Қобланов Н. Мәншүк монологы: өлеңдер // Орал өңірі.-1994.-3 қараша.

1995 жыл
129.Әлия мен Мәншүкке ескерткіш орнатылады: Алматы қаласында //Атамекен.-1995.-27 мамыр.
130.Батыр қыз: [Мәншүк туралы] // Жаса алаш.-1995.-9 мамыр.
131.Болатов А. Құрыштан құйғандай жан еді // Қазақстан әйелдері.-1995.- №3.-21-23 б.
132.Құлманова Л. Ерлік – ел мұрасы // Қазақстан әйелдері.-1995.-№3.-18-19б.
133.Көлбаев Т. Шығыс жұлдызы // Алматы ақшамы.-1995.-10 мамыр.
134.Қобланов Н. Мәншүктің монологы // Сақшы.-1995.-4 наурыз.
135.Матқанов М. Әлия мен Мәншүктің алдындағы парыз өтелді ме? // Ауыл.-1995.-11 қазан.
136.Махимов Т. Мәншүктің туған жері туралы // Орал өңірі.-1995.-18 шілде.
137.Мәметова А. Жақсыдан қалған көз едік… // Қазақстан әйелдері.-1995.-№3.-20 б.
138.Мәншүк туралы сөз – ерлік туралы сөз // Қазақстан әйелдері.-1995.-№3.-24-27.
139.Нұршайықов Ә. Мәншүк және оның құрдастары // Орал өңірі.-1995.-20 мамыр.
140.Райымбек Г. Қыршын кеткен қарлығаш // Зерде.-1995.-№5.-6-7 б.
141.Смағұлқызы А. Қаһарман қызы халықтың // Сақшы.-1995.-№19.-6 б.
142.Текебаева Ш. Мәншүктің туған мекені // Орал өңірі.-1995.-24 тамыз.
143.Тоқабаева Б. Мәншүкпен бірге соғысқан ардагер Ахметқазы Болатов // Жас Алаш.-1995.-12 тамыз.
144.Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ: Әлия мен Мәншүктің ерлігі жөнінде бүгінгі ұрпақтың көзқарасы // Қазақстан әйелдері.-1995. №3.-4-5 б.

1996 жыл
145.Әлия мен Мәншүк ескерткіштері қашан орнатылады? // Қазақ әдебиеті.-1996.-№49.-4 б.
146.Бердияров Т. Мәншүк: өлең // Қазақстан сарбазы.-1996.-11 маусым.
147.Нұршайықов Ә. Он үшінші кездесу // Орал өңірі.-1996.-9 қараша.
148.Тарақ Ә. Мәншүкпен бір майданда соғысқан // Алматы ақшамы.-1996.-8 мамыр.

1997 жыл
149.Батыр қызға арналды: [Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен М. Маметованың туғанына 75 жыл толуына орай ескерткіші алдында шара оздырылды] // Октябрь туы.- 1997.- 17 мамыр.-1б.
150.Танабаева С. Шығыстың Шолпан жұлдызы: [Қазақтың батыр қызы М. Мәметованың туғанына 75 жыл толуына орай] // Орал өңірі.-1997.-16 қазан.

1998 жыл
151.Мәметова Мәншүк: өмірдерек // Алаштың ардагер азаматтары.-Алматы, 1998.-91 б.
152.Мәншүк Мәметова (1922-1943 ж.ж.): өмірдерек // Қазақтар: Тоғыз томдық анықтамалық.-Т.2.-Алматы, 1998.-243-244 б.
153.Орынғалиұлы А. Майдангерлермен кездесті: [Жеңіс күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасында ардагерлермен кездесу кеші оздырылды] // Шұғыла.-1998.-9 мамыр.-1 б.

2000 жыл
154.Орынғалиұлы А. Мәңгілік мереке: [Ауданда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай М. Маметова ескерткіші алдында аудан ақындарының мүшәйрасы оздырылды] // Шұғыла.-2000.-20 мамыр.-1-2 б.

2001 жыл
155.Құсайынов А. Ерлікке тағзым: [Ұлы Жеңістің 56 жылдығына орай аудандағы М. Мәметова ескерткіші жанына гүл шоқтары қойылды] // Шұғыла.-2001.-21 мамыр.-1,2 б.
156.Құттымұратұлы Қ. Қайсар қызы қазақтың // Жас Алаш.-2001.-1 наурыз.

2002 жыл
157.Аймахан Қ. Қос жұлдыз: [М. Мәметова – 80] // Алматы ақшамы.-2002.-1 қазан.
158.Әліпқали Т. Рухтар үні: [Мәншүк Мәметованың туғанына – 80 жыл] // Орал өңірі.-2002.-19 қазан.
159.Әліпқали Т. Хаттарында – жүрек лүпілі, жан сыры: [Мәншүк Мәметованың туғанына – 80 жыл] // Орал өңірі.-2002.-21 қыркүйек.
160.Әліпұлы Т. Қазақтың Мәншүгі: [Мәншүкке – 80 жыл] // Қазақстан- заман.-2002.-11 қазан.-5 б.
161.Байтерекова Д. Ел есінде сақтайды: [Мәншүк Мәметоваға арналған өлең] // Алматы ақшамы.-2002.-14 мамыр.
162.Бектұрғанов Қ. Бядуляның мерейтойы мен Мәншүктің ескерткіші // Орал өңірі.-2002.-15 қазан.
163.Бектенова С. Мәншүктің рухына тағзым // Жайық үні.-2002.-19 шілде.
164.Ғабдірешұлы Т. Шығыстың шолпан жұлдызы // Орал өңірі.-2002.-11 шілде.
165.Елшібай Ғ. Қасық қаннан құралған ғұмыр немесе оны ажалдан құтқарған Мәншүк еді // Қазақстан сарбазы.-2002.-2 тамыз.
166.Жапақов Н. Мәншүк ескерткішінің тарихы // Орал өңірі.-2002.-7 қыркүйек.
167.Жапақов Н. Мәншүк ескерткішінің тарихы: [Кеңес Одағының Батыры М. Маметованың туғанына 80 жыл] // Шұғыла.-2002.-7 қыркүйек.-3б.
168.Құттымұратұлы Қ. Мәншүк майданға баруға неге ынтық болды? // Жас Алаш.-2002.-5 қазан.
169.Мәметова А., Әліпқали Т. Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр.-Орал,2002.-132 б.
170.Мәншүк Мәметова: [Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың 80 жылдығына арналған библиографиялық көрсеткіш].-Орал, 2002.-38 б.
171.Мәншүк – қазақтың қос бұрымды қызы еді ғой… // Заң газеті.-2002.-11 қыркүйек.
172.Мырза Әлі Қ. Мәншүк: өлең // Орал өңірі.-2002.-17 қазан.
173.Мұқаштегі М. Батыр қыздар келеді // Алматы ақшамы.-2002.-21 қыркүйек.
174.Нағымқызы Г. Мәншүк Мәметованың туғанына 80 жыл // Жайық үні.-2002.-25 қазан.
175.Нұршайықов Ә. Жан құрбым: Мәншүк Мәметова туралы // Ақиқат.-2002.-№10.-74-80 б.
176.Нұршайықов Ә. Шығыс шынары // Заң газеті.-2002.-14 тамыз.
177.Орынғалиұлы А. Жыр арқауы – батыр қыз: [М. Мәметованың туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш алдында, ақын қыздар мүшәйрасы оздырылды] // Шұғыла.-2002.-14 қазан.-1 б.
178.Өмірбайтегі Б. Батыр қыз есімі баршаның есінде // Алматы ақшамы.- 2002.-10 қыркүйек.
179.Самиғоллаұлы Ғ. Мәншүктің майдандастары // Орал өңірі.-2002.-7 қараша.
180.Сейсенбаева А. Қазақтың қайсар қызы // Орал өңірі.-2002.-16 шілде.
181.Танабаева С. Мәншүктің ерлігі мәңгілік // Орал өңірі.-2002.-6 тамыз.
182.Тойболдина Г. Қос жұлдыздың жарығы: [Әлия мен Мәншүк ескерткішінің алдындағы лирикалық толғаныс] // Қазақстан сарбазы.- 2002.-7 мамыр.
183.Тоқмағамбетов Ә. Мәншүк: Батыр қыз // Егемен Қазақстан.-2002.-25 қыркүйек.
184.Хайрушев Е. Совет Одағының Батыры М. Мәметова: Өлең // Жайық үні.-2002.-9 мамыр.
185.Халесова Р. Қасық қаннан құралған ғұмыр: өлең // Шұғыла.-2002.-23 қазан.-4 б.

2003 жыл
186.Нықмұқанова А. «Халық жауының» батыр қызы М. Мәметова // Орал өңірі.-2003.-11 қазан.

2004 жыл
187.Жапақов Н. Ескерткіш қалай орнатылады: [М. Мәметованың ескерткіші туралы] // Шұғыла.-2004.-18 маусым.- 3 б.
188.Мәншүктің өшпес ерлігі // Орал өңірі.-2004.-2 наурыз.

2005 жыл
189.Әліпқали Т. Хаттарында – жүрек лүпілі, жан сыры: [Мәншүк Мәметованың анасы Әминаға жазған хаттарынан] // Еділ-Жайық.-2005.-5 мамыр.
190.Ерлігі ешқашан өшпейді // Жайық үні.-2005.-5 мамыр.
191.Зұлпықарова Т. Ерлік ұмытылмайды: [Шығыстың қос шынары атанған М. Маметова мен Ә. Молдағұлованың ерліктері туралы] // Шұғыла.-2005.-11 наурыз.-2 б.
192.Қадырова Г. Шығыстың қос шынары // Жайық арулары.-2005.-5 мамыр.
193.Қалауқызы Р. Батыр аруларға тағзым // Жайық арулары.-2005.-14 шілде.
194.Мәметова А. Жақсының ізі өшпейді // Жайық арулары.-2005.-10 ақпан.
195.Мәметова А. Мәншүк есімі мәңгілік // Астана хабары.-2005.-19 шілде.
196.Мәңгіліктің Мәншүгі // Дала мен қала.-2005.-13 мамыр.
197.Мұқанов Қ. Мәншүк батыр // Қазақ әдебиеті.-2005.-6 мамыр.
198.Нәсекенұлы И. Мәншөк батыр: оқу-тәрбие құралы.-Орал, 2005.-104 б.
199.Шығыстың қос шынары – Яркие звезды Востока: [М. Мәметова мен Ә. Молдағұловаға арналған библиографиялық көрсеткіш].-Алматы, 2005.- 134 б.

2006 жыл
200.Бейбітханқызы А. Әлі күнге көз алдымда // Қазақстан әйелдері.-2006.-№4.-24-25 б.
201.Кенжәлиев И. Біз білмейтін Мәншөк // Орал өңірі.-2006.-23 мамыр.-4 б.

2007 жыл
202.Балмолда М. Бұрым: Мәншүк Мәметова туралы // Орал өңірі.-2007.-21 маусым.
203.Есенғали Н. Батыр қыздың апасы: [Асылғаным Хамиевамен сұхбат] // Шұғыла.-2007.-24 тамыз.- 6 б.
204.Есенғали Н. Ерлік пен қаһармандық мерекесі: [Орталық алаңда даңқты жерлесіміз М. Маметованың соғыстағы ерліктерін сипаттайтын қойылымдар көрсетілді] // Шұғыла.-2007.-18 мамыр.-2 б.
205.Жапақов Н. Батыр қыздың апасы // Орал өңірі.-2007.-2 тамыз.
206.Қуандыққызы Г. Батыр да қайсар қос ару // Ақ босаға.-2007.-мамыр.-1 б.
207.Құлжанов Қ. Мәншүк Мәметованың әкесі // Алтын Орда.-2007.-31 мамыр-6 маусым.-26-27 б.

2008 жыл
208.Асанова Г. Мәншүк туралы не білеміз? // Жайық ұстазы.-2008.-9 сәуір.- 6 б.
209.Құсайынов А. Ерлік халық жадында мәңгі сақталады: [Ұлы Жеңіс күніне орталық алаңда әскери шеру және театрландырылған көріністе М. Маметова мен Х. Халиуллин бейнелері көрсетілді] // Шұғыла.-2008.- 16 мамыр.-2 б.
210.Мәншүкке арналды // Орал өңірі.-2008.-1 қаңтар.-3 б.
211.Тастанова А. Мәншүктің балалық шағы // Шұғыла.-2008.-8 наурыз.- 2-3 б.
212.Тәж-Мұрат М. Батырдың әкесі // Ана тілі.-2008.-8 мамыр.-14 б.
213.Ілиясова Р. Бұл не қылған «жаңылтпаш»?: [Мәншүк Мәметова туралы] // Орал өңірі.-2008.-21 ақпан.-1 б.

2010 жыл
214.Базарбайұлы А. «Әкемді босатыңыз, қыз да болсам соғысқа келдім» немесе батыр қыздың Сталинге жазған үш хаты // Үш қиян.-2010.-22 сәуір.-6-7 б.
215.Батыр қыздың рухы туған жерден баян тапса дейміз // Орал өңірі.-2010.-4 ақпан.-7 б.
216.Мәншүктің рухын мазаламайық // Орал өңірі.-2010.-9 ақпан.-2 б.
217.Сәдуақасова Ж. Соғыс енді болмасын: [Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен М. Маметова мен Х. Доспанованың ерліктері] // Шұғыла.- 2010.-6 шілде.-6 б.
218.Ұлы Жеңіске – 65 жыл: М. Мәметова туралы // Айна.-2010.-28 қаңтар.-9 б.

2012 жыл
219.Әйпішев Е. Мәншүк ерлігі мәңгі өшпейді: [Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың туғанына – 90 жыл] // Орал өңірі.-2012.-8 желтоқсан.- 1, 8 б.
220.Елубаева Г. Ресей жері үшін қазақстандықтардың ерліктері (1941-1945 ж.ж.) // Қазақстан жоғары мектебі.-2012.-№4.-27-33 б.
221.Есіркепов А. Ерлікке тағзым етті: [М.Мәметова, Е. Орақбаев, Х. Доспанова сынды батыр тұлғалардың 90 жылдығына орай облыс көлемінде ұйымдастырылған туристік – өлкетану экспедициясы ауданға келді] // Шұғыла.-2012.-13 шілде.-1 б.
222.Жапақов Н.Батыр қыз Қазақстанда дүниеге келген: [М. Маметованың 90 жылдығына орай аудан орталығында танымдық шара оздырылды] //
223.Жапақов Н. Мәңгі сақталатын ерлік дәріптелді: [Ұлы Жеңіс күнін ұлықтауға арналған шарада М. Маметованың, Х. Халиуллиннің бейнелері қойылымдармен көрсетілді] // Шұғыла.-2012.-18 мамыр.- 1,2 б.
224.Көпбаев М. Ерліктің шынары // Жайық үні.-2012.-1 қараша.-24 б.
225.Қаражанова Л. Ерлігі мәңгі есте: [Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл] // Балбұлақ.-2012.- №10.-4-5 б.
226.Құсайын Т. Өшпес ерлік // Егемен Қазақстан.-2012.-7 қараша.-5 б.
227.Хамзақызы М. Ер Мәншүк – ел есінде // Жайық үні.-2012.-13 желтоқсан.-3 б.

2013 жыл
228.Ғарифоллақызы М. Өшпес ерлікке – 70 жыл: [Аудандық мәдениет үйінде Кеңес Одағының батыры М. Мәметоваға арналған мәдени шара өтті] // Шұғыла.-2013.-22 қараша.-3 б.
229.Дауленова М.Ұ. Қаһарман қыздарға тағзым: [Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мен «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспановалардың 90 жасқа толу мерейтойына арналған кеш сценарий]і // Мектептегі кітапхана.-2013.- №3.-18-20 б.
230.Ибрашева С. Мәңгілік естен кетпес отты жылдар // Тәрбие жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде.-2013.-№1.-14-15 б.
231.Құрмашева А. Мәншүк ерлігі – ел жадында // Жайық үні.-2013.-3 қазан.
232.Мұтанова, А. Мәншүк – қазақтың қаһарман қызы: [Қазақтың жауынгер қызы М. Мәметованың 90 жылдығына арналған еске алу кеші] // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2013.-№3.-72-76 б.
233.Наушекенов Д. Өшпес ерлік // Орал өңірі.-2013.-12 қазан.-6 б.
234.Сембіұлы Қ. Қазақтың қайсар қызы // Әділет.-2013.-№9.-3 б.

2014 жыл
235.Мәншүк батырдың бауыры Мұрат аға шерткен сыр // Орда жұлдызы.- 2014.-26 шілде.-2-3 б.
236.Нұрмаханбет Д. Арбузовқа тапсырылған экскаватор ұлтымыздың ұлылығын танытпай ма?! // Түркістан.-2014.-16 қаңтар.-5 б.
237.Орнатқан дұшпанына заманақыр: [М. Мәметованың туғанына 90 жыл] // Орда жұлдызы.-2014.-19 қазан.-2 б.
238.Сәдірқызы, Г. Мәншүк Мәметова // Егемен Қазақстан.-2014.- №70.-5 б.