Сыйға – сырлы кітап
Сыйға – сырлы кітап
access_time07.09.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан Журналистика академиясының академигі, педагог – ғалым Қанат Әуесбай «Бақ берген әулет» атты жаңа туындысын кітапхана қорына табыстады.
Жинаққа Тараз қаласының Құрметті азаматы, ардақты ұстаз Әуесбай Бақбергенұлының ғибратты өмір жолына арналған эсселер мен мақалалар топтастырылған. Кітапта адамдық құндылықтар, имандылық пен адалдық мәселелері сөз болып, зиялы қауым өкілдерінің жүрекжарды естеліктері берілген.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы кітапхана қорына өзінің туындысын тарту еткен Қанат Әуесбайұлына шынайы ризашылығын білдіреді.



Пікір үстеу