«Тарихи мұра – ұлт қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Тарихи мұра – ұлт қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
15 сәуір күні «Атамекен» өнер ордасында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Тарихи мұра – ұлт қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Модератор: Батыс Қазақстан тарихи мұраны қорғау инспекциясының директоры Н.Кенжин.
БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары М.Қамбетов құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге Ақжайық аудандық туризм және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Ж.Әбілпейісов; БҚО мемлекеттік архивінің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Б.Доши; М. Өтемісов атындағы БҚУ тарих, экономика және құқық факультеті, ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Д. Сагидуллаев; БҚО тарихи-өлкетану музейінің маманы Г. Бақтыбайқызы; Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының атқарушы директоры А. Курумбаев; Ж.Молдағалиев атындағы БҚО ОӘҒК-ң Өлкетану әдебиеттері бөлімінің мамандары Р.Ахметова мен Д. Шакелова қатысты.
Д. Шакелованың «Өлкетану әдебиеті – өңір тарихын зерттеудің маңызды дереккөзі» баяндамасы тыңдалды. Шара барысында өңірімізге белгілі өлке тарихын зерттеумен айналысып жүрген өлкетанушыларға «Үздік өлкетанушы» медалін табыстау рәсімі өтті.






Пікір үстеу