Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Игнатьевна Губанова 97 жасында дүниеден өтті
Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Игнатьевна Губанова 97 жасында дүниеден өтті

2020 жылдың 17 тамызында Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО-ның үздік мәдениет қызметкері, Қазақ КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Лидия Игнатьевна Губанова 97 жасында дүниеден өтті.
Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Губанова 19 жасында майданға аттанып, 58-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында, Курск доғасында, Польша мен Чехословакияның жерінде соғысқан. Ол қан майданнан елге аман-есен оралғаннан кейін, еліміздің мәдениет саласында 50 жылдан астам қызмет жасап, оның 30 жылында облыстағы бас кітапхана – Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын басқарды.
Ардагер Лидия Губанова: «Қызыл жұлдыз», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медальдарымен, «КСРО-ның үздік мәдениет қызметкері», «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», сондай-ақ Н.К.Крупская атындағы медальдің иегері. Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен де марпатталған.
Марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Лидия Игнатьевнаның жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде мәңгі сақталады.
Пікір үстеу