Оразаева Шолпан Қуанышқалиқызы, 1965 жылы 21 наурызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Пойма бекетінде дүниеге келген.

1989 жылы Куйбышев атындағы мемлекеттік мәдениет институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.

Мәдениет саласында еңбек жолын 1989 жылы Н.К.Крупская атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында кітапханашы қызметінде бастаған.

1991-1999 жылдары Н.К.Крупская атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ғылыми әдістемелік бөлімінің жетекшісі, 1999-2002 жылдары кітапхана директоры, 2002-2007 жылдары Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың директоры, 2007-2009 жылдары Жастар шығармашылық орталығы директорының орынбасары, 2009-2017 жылдары Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми жұмыстар және ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды, 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры.

Ш.Уразаева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері»,ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының «Халық құрметі», Қазақстандық кітапханалық Одақ «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгілерінің иегері.