Сағынғалиева Жанна Самиғоллақызы, 1968 жылы, 2 тамызда Сырым ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келді. 1985 жылы Алғабас ауылдық орта мектебін бітіріп, бірден оқуға Орал қаласына аттанады. 1985-187 жылдары Орал қалалық мәдени ағарту училищесінің «Кітапханашы және библиограф» мамандығы бойынша толық курсын аяқтап шығады. 1987 жылы Сырым аудандық ОКЖ-де мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1988 жылы қараша айында Алғабас ауылына келіп, кітапханашы болып еңбек жолын бастады. 1999 жылдан 2009 жылға дейін себепті жағдайлармен жұмыссыз болып, 2009 жылдан күні бүгінге дейін Алғабас ауылдық модельді кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеуде. Еңбек өтілі – 25 жыл.

Кітапхана жұмысын ұйымдастырудағы жетістіктері:
2013 жылы, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Алғабас ауылдық округі әкімі Ө.Аменовтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2014 жылы, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сырым аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Ғ.Шауеновтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2016 жылы, «Читаем детям о войне» атты челленджге қатысқанымыз үшін Самара облысының «Самара облыстық балалар кітапханасының» атынан «Дипломмен» марапатталды.
2017 жылы, ҚР Конституциясы күніне орай Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиевтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2018 жылы, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай БҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2020 жылы, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай БҚО Ж.Молдағалиев атындағы Әмбебап Ғылыми кітапханасының директоры Ш.Уразаеваның атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2021 жылы, Батыс Қазақстан өңірінің кітапхана ісі мен оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Аманғалиеваның атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
2021 жылы,ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс қазақстан облысының Мәдениет Басқармасының басшысы С.Дүйсеновтің атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.