Маймирова Майра Каналықызы еңбек жолын 1981 жылы Бөрлі ауданы, Қоспа бастауыш мектебінде бастауыш сыныбына мұғалім болып бастады.
1981-1987 жылдары Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылының Мәдениет үйінде көркем жетекшісі болып жұмыс атқарған.
1985-1987 жылдары Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінде оқып, кітапханашы мамандығын алып шықты.
1987 жылдан күні бүгінге дейін Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Бумакөл ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып жұмыс жасап келеді.
Қызмет атқарып жүрген саласында салмақты ой мен жауапкершіліктің жүгін қоса арқалап, игілікті істердің ұйтқысы болуда, жаңа бетбұрыстар енгізуде жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, болашаққа деген зор сенімнің жаршысы болып келеді.
Маймирова Майра Каналиқызы кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі үшін Бөрлі ауданы әкімі А.Халеловтан (2017) алғыс хатпен, Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.Нұрашевадан (2017) дипломмен, Халықаралық акциясына қатысқаны үшін облыстық Воронеж балалар кітапханасының директоры А.В.Аристановадан (2017) дипломмен, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі басқарма басшысы Қ.Мұсағалиевтен (2018) алғыс хатпен, Бумакөл ауылдық округінің әкімі Ж:Жумашевадан (2018) алғыс хатпен, Бөрлі аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Көшкенбаевтан және Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.Нұрашевадан (2019) дипломмен марапатталды.
2019 жылы «Қазақстандық Қітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар бірлістігінен «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Жасөспірімдер орталығының жетекшісі Д.Ибрагимовтан Республикалық «Абай-дана, Абай-дара қазақта» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық байқауында құрмет грамотасымен марапатталды. (2019) Батыс Қазақстан обласының әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтан алғыс хатпен марапатталып, (2020) Бөрлі ОКЖ- нің директоры О.Төлемисовтан Қазақстан халық жазушысы ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына орай дипломмен,кітапхана жылдың үздік жұмысы атты статуэткаға ие болды.. (2021) Бөрлі ауданының ОКЖ-і директоры К.Насиповтан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, кітапханашылар арасында өткізілген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты виртуалды-көрме сайысында дипломмен марапатталды. Елдігіміздің басты нышаны – өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз – кітапты өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.