Салауатты қоғам – жарқын болашақтың кепілі.
Салауатты қоғам – жарқын болашақтың кепілі.
Бүгінгі күннің ең өзекті және өткір мәселелерінің бірі – нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы күрес. Бұл мәселе қоғамның әрбір мүшесінің денсаулығы мен болашағына тікелей әсер етеді. Есірткі заттарын қолданудың салдары тек жеке адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, әлеуметтік экономикалық және құқықтық проблемалар туындатады. Есірткеге қарсы күресте әрбіріміздің рөліміз маңызды. Әр адам өз отбасында, жұмыс орнында және қоғамда есірткіге қарсы насихат жүргізіп оның алдын алуға атсалысуы керек.
Нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – салауатты өмір салтын ұстану. Спортпен шұғылдану, бос уақытты пайдалы өткізу, кітап оқу, өнермен айналысу және дұрыс орта таңдау жастарды зиянды әдеттерден сақтайды. Балаларды, жасөспірімдерді және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Салауатты қоғам – жарқын болашақтың кепілі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл – дейді дана халқымыз сондықтан әрқайсымыз осы маңызды істе белсенділік танытып, жастарымызды есірткіден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұсатануға шақырып бірлесе, жұмыла жұмыстансақ, рухани деңгейі арытып, болашақтары жарқын болары сөзсіз. Ел болашағы – дені де, тәні де сау ұрпақты тәрбиелеу баршамызға жүктелген абыройлы міндет.
Казтуганова Жанна Сагындыковна
Қол күресінен Халықаралық дәрежедегі
спорт шебері. Қол күресінен әйелдер
арасында 2024 жылғы Әлем чемпионы,
ҚР чемпионатының 9 дүркін чемпионы.



Пікір үстеу