2025 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай
2025 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай
access_time17.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
2025 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай кітапханамызда ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Шара аясында оқырмандарға жазушының ең танымал шығармасы – «Көшпенділер» трилогиясы негізінде түсірілген фильм көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – Есенберлиннің шығармашылығын насихаттау, тарихи мұраны дәріптеу және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды таныту. «Көшпенділер» трилогиясы қазақ халқының бірнеше ғасырлық тарихын, елдік пен ерліктің, азаттық үшін күрестің көріністерін шебер суреттейді. Фильмді тамашалау барысында оқырмандар қазақ халқының бай тарихы мен мәдениеті жайлы тереңірек мағлұмат алып, жазушының шеберлігіне тағы бір мәрте тәнті болды.
Шара соңында оқырмандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, «Көшпенділер» трилогиясы туралы пікір алмасты. Ілияс Есенберлиннің еңбектері ұлт руханиятының биік шыңы екенін тағы да бір дәлелдеген іс-шара оқырмандардың көңілінен шықты.



Пікір үстеу