Ақпараттық-библиографиялық бөлім 1957 жылы библиограф лауазымының енгізілуімен байланысты құрылды. 1991 жылдан 2006 жылға дейін бөлім жанында өлкетану секторы жұмыс істеді. Құжаттарды библиографиялауды автоматтандыру үрдісі 1998 жылдың 1 маусымынан бастап енгізілді.
Бөлімнің міндеттері:
кітапхананың ақпараттық ресурстарын құруға белсенді қатысу;
интернет желісі арқылы әлемнің білімі мен мәдени құндылықтарына, барлық пайдаланушылардың ақпарат көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
ақпараттық – коммуникациялық және инновациялық технологияларды насихаттау мен кеңінен қолдану;
дәстүрлі және электрондық деректер базасына қолдау көрсету, оның маңызын арттыру;
ақпараттық өнімдер мен қызметтердің жаңа инновациялық түрлерін меңгеру;
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
облыс кітапханаларының ақпараттық ресурстарын интеграциялау;
құжаттардың барлық түрлері мен үлгілерін библиографиялау;
облыс тұрғындарының ақпараттық сұраныстарын зерттеу;
сапалы анықтамалық – библиографиялық аппарат құру;
библиографиялық құралдар жүйесін қалыптастыру;
пайдаланушыларды библиографиялық ақпараттандыру және анықтамалық– библиографиялық қызмет көрсету;
жаңа ақпараттық технологияны дамыту, библиографиялық үрдістерді автоматтандыру;
облыстық және қалалық кітапханаларына әдістемелік – библиографиялық қамтамасыз ету;
кітапханалармен, мұражайлармен, мемлекеттік құрылымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қозғалыстармен тиімді серіктестікті нығайту, үйлесімділік және бірлестік байланыстарды жүзеге асыру.
Қызметтері: — кеңес беру;
— ғылыми, курстық жұмыстарына библиографиялық және тақырыптық (жазбаша анықтамалар);
— ғылыми жұмыстың библиографиялық бөлігін редакциялау;
— құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ);
— өзекті мәселелер бойынша құжаттар пакеті;
— экскурсиялар өткізу, оқырмандарға арналған кітапханалық – библиографиялық сауаттылық бойынша сабақтар өткізу
— диссертациялар мен рефераттарға, ғылыми мақалаларға ӘОЖ және КБЖ индексін қою;
— чаттағы, сайттағы виртуальды анықтама қызметі арқылы, телефонмен пайдаланушылардың сұрақтары бойынша анықтамаларды орындау;
— библиографиялық құралдарды редакциялау және т.б.
Жобалық қызметі:
Жоба: «Сандық білім беру ресурстар жинағы» – аннотацияланған веблиографиялық көрсеткішін құру – сұраныстарды сапалы, жедел қанағаттандыру және пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Қоғам өмірінің барлық салаларын қозғайтын халық арасында ақпараттық – коммуникациялық дағдыларды арттыруға бағытталған “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Осыған байланысты ақпараттық қызметтердің рөлін арттыруға, кітапханалардың ақпараттық – библиографиялық бөлімдері де кіреді.
Жоба «Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК имиджін қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде жарнама» Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК имидждін қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде жарнаманы пайдалану.
Жоба мынадай мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды көздейді:
— қала тұрғындарына кітапхана қорының ресурстары мен кітапхана қызметтері туралы сауатты ақпараттандыруға жәрдемдесу;
— библиографиялық ақпаратқа қажеттілікті қанағаттандыру;
— Орал қаласының тұрғындарын кітапханаға барынша жуықтату;
— кітапхананың тартымды бейнесі мен жеке стилінің витриналары – кітапхана терезелерін құру;
— жаңа оқырмандарды тарту және кітапханамыздың кітап қорын танымал ету үшін әлеуметтік желілерді пайдалану
Жоба «Мамандықтар әлемі сыр шертеді». Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – библиографиялық бөлімі қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін, өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын арттыру. Жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен білім алушылардың кәсіби табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау жалпы адамзаттың түрлі еңбек жағдайына араласуға деген қарым – қатынастарын қалыптастыру. Осыған байланысты әртүрлі сала бойынша танымал тұлғалармен, кәсіби шебер мамандармен бірлесіп «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасын іске асырады.
Анықтама – библиографиялық аппарат:
Анықтамалық – библиографиялық аппараттың барлық дәстүрлі бөлімдері ұсынылған.
Анықтамалық – ақпараттық қор:
— 1957 жылдан 2006 жылға дейін бөлім өлкетану қорын жасақтап келді;
— қазіргі кезде бөлімде анықтамалық – ақпараттық мазмұндағы кітап қоры жинақталған.
Қордың көлемі 3154 мың дана кітап басылымдары, сонымен қатар арнаулы мерзімді басылымдардан тұрады;
— каталогтар мен картотекалар жүйесі (дәстүрлі және электронды)
— библиографиялық құралдардың жиынтық картотекасы
Электронды деректер қоры:
— «Қазақстан»;
— «Батыс Қазақстан облысы» (2006 жылға дейін);
— «Құқық»;
— «Кітапхана ісіндегі жаңалықтар»;
— «Ресей»;
— Бөлім жанында 2001 жылдан бастап «Заң» /«Закон» Батыс Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығының деректер қоры жұмыс істейді. Басты мақсаты халыққа құқықтық ақпараттық ресурстарды пайдалануға көмек көрсету.
Бөлім меңгерушісі: Каленова Бибигүл Төлегенқызы
Телефон: 8(7112)50 76 90
E-mail: bibliograf@zkolib.kz

