Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған аудандық “Қазақтың дана Қадыры” атты байқауы өтті
Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған аудандық “Қазақтың дана Қадыры” атты байқауы өтті
access_time06.01.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Әдістемелік библиографиялық бөлімнің ұйымдастыруымен тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған аудандық “Қазақтың дана Қадыры” атты байқауы өтті.
⠀Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндетін атқарушы Жәнібек Аманғалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі. «Ақжайықтың сөз сардары» кітап көрмесімен кітапханашы Фарида Азбантаева таныстырды. Байқау «Мені оқитын, мені ұғатын халқым бар…» (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу), «Жүрегімде – жырларым» , «Үкілі үзінділер» Қадыр Мырза Әлидің нақыл сөздері афоризмдері шарттарын қамтыды.Қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде қатысушылардың өлең оқу шеберлігі, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сахна мәдениеті, тіл байлығы мен сөздік қорына мән берді.Қадыр ақынды ұлықтау шарасында «Тамаша» әнін «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамбілінің жетекшісі Аслан Ғизатов орындаса «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін балалар саз мектебінің «Дәстүрлі ән» сыныбының оқушысы Жазықбаев Алихан , «Жалкаубек» әнін балалар саз мектебінің «Эстрадалық вокал» сыныбынын оқушысы Айтотым Амангелді, ««Ел және мен».» әнін аудандық балалар саз мектебінің оқытушысы Әсет Нығметов орындады.Байқау қорытынды бойынша Зеленое ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Ибатова Айым мен кітапханашы Мизанбаева Ляззат 1орынды.Егіндібұлақ ауылдық кітапханасы оқырманы Нұрымғали Жанайым жетекші кітапханашы Алхамова Данагүл 2-орын. Қаражар ауылдық кітапханасының оқырманы Ерсайын Сайын жетекші кітапханашы Гумарова Зергүл Оңдасынқызы 3-орынды иеленді.
Жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттау салтанатында кітапхана басшысы Жеңісгүл Қалиқызы Жаңабаева сөз сөйлеп, барша белсене қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.







Пікір үстеу