“Қазақтың дана Қадыры” атты поэзия кеші оздырылды
“Қазақтың дана Қадыры” атты поэзия кеші оздырылды
5 қаңтар күні Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі, балалар бөлімінің ұйымдастыруымен әйгілі ақын, аудармашы, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, “Қадыр Мырзалиевті оқимыз” атты акциясы аясында “Қазақтың дана Қадыры” атты поэзия кеші оздырылды.
Мақсаты: ақын шығармаларын көпшілікке танытып,өскелең ұрпақтың жүрегіне ақын өлеңдерін жеткізу, отанына деген мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге тәрбиелеу.
Шара барысында ақын Қадыр Мырза Әлінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, балалар кітапханасының оқырмандары Зейнолла Нұраділ “Бата”, Қанатқызы Мерейлім “Ана”, Серікболқызы Томирис “Адамдар есі бар”, Нұржанұлы Мүслім “Бақыт деген бірлікте”, Серік Нұрдәулет “Тіршілік”, Марат Рысбек “Тентегіңде туламай”, Марат Аружан “Біз адамбыз” өлеңдерін жатқа оқыды.
Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған “Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыруы” әнін оқырмандар караоке мен орындап, “Қазақтың тарланы Қадыр ақын” атты кітап көрмесіне шолу жасалды.




Пікір үстеу