«Жалынға оранған жастық» патриоттық кеші өтті.
«Жалынға оранған жастық» патриоттық кеші өтті.
access_time14.02.2025
perm_identity
Posted by admin123 admin123
folder_open
Жаңалықтар
Ауған соғысы – 1979 – 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес әскерлері қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 жауынгер қатысты.
14 ақпан Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы және Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен біргіп Биыл кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Жалынға оранған жастық» патриоттық кеші өтті.
Фойеде «Ауғанстан жүректегі жара» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Жазира Ермекқызы библиографиялық шолу жасады.
Шара “Өмірді қайта жалғандар” композициясымен бастау алып, өмірден өткен ауған ардагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Кеш қонақтары ауған ардагерлері Төлеген Дастан Қайреденұлы-Көпжасар ауылдық округі ауған ардагері, Ибрашев Ерболат Жасқаламұлы-Мастексай ауылдық округі ауған ардагері, Валитов Эльдар Рауфұлы-Жаңақазан ауылдық округі ауған ардагері, Жардемов Берік Искакұлы-Жаңақала ауылы ауған ардагері.
Сонымен қатар шараға әскери сала қызметіндегі Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінің ұйымдастырушысы аға лейтенат-Таулин Батыр Болатұлы, Жаңақала аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы, майор Көпбергенов Азамат Хамитұлы, Жаңақала ауданының полиция бөлімінің бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Бисенғалиев Ердәулет Өтегенұлы, 51809-В әскери бөлім санитарлық инструкторы, кіші сержант Аубекеров Ізбасар Махамбетұлы кеш қонақтары қатысты.
Кеш барысында келген қонақтарға бірнеше сұрақтар қойылып, 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күнімен тұспа-тұс келген, кеш қонақтарына ұйымдастырушылар атынан кітап табыс етілді.
Жаңақала аудан әкімінің орынбасары Ғұмар Руслан Қонысбайұлы қорытынды сөз сөйлеп,өз алғысын білдірді.
Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының ән-шашуымен аяқталды.
Шара соңында кеш қонақтарымен естелік суретке түсті.


Пікір үстеу