Күй – қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық жанры. Ертеде аспапты және вокальды саз өнерінің бірігуінен “күй” сөзі пайда болса керек. Қазірде көптеген түркітілдес халықтарда “күй” деп аспапты музыка мен сазды айтады.

Күй қазақ халқының өмірімен біте қайнасып, ғасырлар бойы дамып келеді. Қазақ саз өнерінде күйдің түрі жүздеп саналады. Олар бүгінгі күнге дейін “ноталық білімнің” болмауына байланысты “ауызша” таратылып, жеткен. Яғни ұрпақтан ұрпаққа “ауызша” жетіп отырған. Әрине жүздеген, мүмкін мыңдаған күйлер қазақ тарихының қатпарларында қалып қоюы да мүмкін. Өздерінің саны мен сапасы жағынан қазақ күйлері мақтануға тұрарлық дүниелер.

Күйлердің мазмұны мен тақырыптары олардың тарихы мен шынайы өмірден алынғанын бейнелеп, қоғамдық әлеуметтік мәселелерге байланысты туындағанын айғақтайды. Айналадағы дүниенің барлығын: табиғатты, тұрмысты, адами және қоғамдық қатынастарды жырлай отырып, қазақ күйшілері өз заманының образының үлкен бір галереясын жасады. Олар өз күйлерін халық батырларына, көтеріліс қолбасшыларына арнады: Сырым Датұлына арналған “Сырым сазы”; Исатай Таймановқа арналған “Кішкентай”, “Нар кескен” күйлері, сондай-ақ қиянатқа қарсы күрескен елдің рухын жырлаған “Адай” күйлері бар.

Қазақ компазиторлары орыс халқымен достықты жырлаған күйлер де шығарған. Мыс: “Лауішкен”.
Домбыра ханның зорлық – зомбылы5ына қарсы сөйлеген. Мыс: “Ақсақ құлан” күйі. “Ақсақ киік” күйі зәбір көргендердің мұңын жырласа, “Заман” күйі айдаудағылардың жоғын жоқтады.

Музыка сондай-ақ халықтың арман-мұңын да көрсетті. Олардың қиялынан туған Қамбар батыр туралы “Қамбар күйі” болды. Күнделікті тұрмысты бейнелейтін “Мұңды қыз”, “Жылқышы”, “Сылқылдақ” т.б. күйлер де болды.
Қазақ күйлері әсіресе XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өте жақсы дамыды. Осы кезде өмір сүрген ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы өзінің айрықша талантымен ерекшеленеді. Ол 1818 жылы Бөкей ордасының Жиделі елді мекенінде дүниеге келді. XIX ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасында көптеген атақты күйшілер өмір сүрді. Соның бірі Құрманғазы. Ол қазақтың аспапты музыка өнеріне мол үлес қосып, оның мазмұнын шынайы өмірмен өрнектеді, халықтың мұңы мен шерін жырлады.

“Сары арқа”- Құрманғазы шығармашылығының биік шыңдарының бірі. Бұл күйде Құрманғазы домбыра өнерінің биік шыңын көрсетіп, сирек кездесетін элементтер енгізді. Бұл күйдің басы жедел қарқынмен өрнектеледі, жеңістің жырын жырлайды. Күйді тыңдаған жанға әлдебір күш әсер етіп, екпінді энергия береді, бұл күй күйшінің талантының шыңын көрсетеді, оның шығармашылық қабілетінің биіктігін береді.

Құрманғазының атақты күйлеріне мыналарды жатқызуға болады: “Кішкентай”, “Балбырауын”, “Ақ желең”, “Серпер”, “Адай”, “Қайран шешем”, “Лауішкен”, “Аман бол, шешем аман бол”, “Түрмеден қашқан”, “Кісен ашқан”, “Қызыл қайың”, “Балқаймақ” т.б.

Құрманғазы Сағырбайұлының музыкасы отандық компазиторлар мен орындаушыларға әлі де бірнеше ұрпаққа үлгі болып, күй нәрімен сусындатады.