“Классика” камералық ансамбілі 1996 жылы құрылды. Ансамбілдің құрамьшда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы мен Саратов консерваториясының түлектері, флейтада Владимир Баяндин (жетекшісі), фортепиано мен клавесинде Альбина Мұсақұлова, гобойда Валерий Пузаткин ойнайды. Классикалық музыканы дәріптеу мақсатында құрылған “Классика” ансамбілі бүл кұнде облыс жұртшылығына қеңінен танымал өнерлі ұжымның бірі.
Ұжым ХҮІІ-ХҮШ ғасырлардағы композиторлардың камералық-инструменталдық және вокалдық музыкаларын насихаттап келеді. Олардың қатарында классиктердің, романтиктердің, импрессионнистердің таңдамалы шығармалары бар. Өткен жылдар ішінде ансамбіл Бах пен Гейдельдің сюиталарынан, Беллини мен Джорданидің ежелгі арияларынан, Кванц пен Телеманның трио-сонатасынан, Моцарт пен Сальеридін концерттерінен, Шуберт пен Шуманның романстарынан, Римский-Корсаков пен Шостаковичтің миниатюраларынан, Абай өндері мен Құрманғазы күйлерінен және басқа да шығармалардан құралған көптеген қызықты бағдарламалар дайындап, көрермендерге паш етті.
Құрылғанына 10-жыл толу мерейтойы қарсаңында камералық ансамбіл 2006 жылы сәуір айында әлемдік орындаушылық өнердің кеңінен танымал орталығы болып табылатын Ресей астанасы – Мәскеуде өткен жоғары дәрежелі музыкалық форумда “Қазіргі кезеңнің өнері мен білімі” атты I Халықаралық конкурс – фестиваліне қатынасып, дипломант атағына ие болып оралды.

