Мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды
Мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды
БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханада жастарға мемлекеттік қызметтің маңызын түсіндіру, елге адал қызмет етудің мәнін ұғындыру және мамандардың өмірлік тәжірибесімен бөлісу мақсатында мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметтің ардагері, тәлімгер кеңесінің мүшесі, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, социология ғылымдарының кандидаты Нұртазин Мерболат Сүйеуұлы, «Үздік цифрландырушы», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерінің иегері, экономика ғылымдарының магистрі Ашық Абат Сәкенұлы, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері Масимова Венера Нұрахметқызы қатысты.
Шара барысында қонақтар өз қызмет жолдары мен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі, қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты баяндап, осы саланы таңдауда бағыт-бағдар беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.








Пікір үстеу