«Даланың қайсар дауылпазы» конференциясы өтті,
«Даланың қайсар дауылпазы» конференциясы өтті,
access_time11.03.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
11 наурыз күні кітапханада Алаш қозғалысының жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Даланың қайсар дауылпазы» атты тақырыптық конференция өтті.
Шараға арнайы қонақ ретінде тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманалин Самат Бақытжанұлы және тарих пәнінің мұғалімі Амангелді Миржан Бекболатұлы қатысып, Әлихан Бөкейханның өмірі мен қазақ тарихындағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар Халықаралық Цифрлық технологиялар, Сәулет және Құқық колледж студенттері баяндамалар жасап, Алаш қозғалысының тарихи маңызы туралы пікір алмасты.Мұндай тағылымды кездесулер жастардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Оқырман назарына кітап көрмесі ұсынылды.











Пікір үстеу