access_time03.03.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
3 наурыз күні облыстық кітапханада қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжімен бірлескен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өткізілді.
Кеш барысында ұлт ұстазының өнегелі өмір жолы мен мол рухани мұрасы кеңінен насихатталып, тағылымды шығармаларынан үзінділер оқылды. Сонымен қатар арнайы дайындалған бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.
Шараға Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенттері, №2 Ж.Молдағалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі ұстазы мен оқушылары және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері қатысты.










Пікір үстеу