Абатова Меңсара Мейрамқызының «Өлеңім-өмірім» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Абатова Меңсара Мейрамқызының «Өлеңім-өмірім» атты кітабының тұсаукесері өтті.
26 ақпан күні кітапханада Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, ақын Абатова Меңсара Мейрамқызының «Өлеңім-өмірім» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кештің құрметті қонақтары — ақын, жазушы, «Жастық үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қыдыр Харесұлы Абдрахманов пен айтыскер ақын, тілші Әсет Сағынтайұлы Бисенғалиев жаңа кітаптың тұсауын кесіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Олар жас ақынға шығармашылық табыс, шабыт пен биік белестер тіледі.
Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында №5 “Сәуле” бөбекжайының меңгерушісі Қуанышқалиева Роза Сатқанқызы, №41 мектепке дейінгі ұйымның әдіскер-инноваторы, облыстық «Мобильді бірлестік» әдістемелік қауымдастығының қазақ тілі жетекшісі, қалалық қазақ тілі модераторы, республикалық және облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері Хабибуллина Назым Төлепқалиқызы, сондай-ақ Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы мұғалімі Ардақ Жангелдіқызы болды. Олар ақынның шығармашылығына жоғары баға беріп, ізгі тілектерін арнады.
Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Кеш көркін №5 “Сәуле” бөбекжайының сүйкімді бүлдіршіндері әрлендіріп, ақын сөзіне жазылған «Күз» әнін орындады. Сонымен қатар Абдрахманов Дастан «Ана» әнін шырқап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сагинова қорытынды сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыстады.














Пікір үстеу