«Ұлт жадының» сақталуы – қазіргі заман мәдениетінің алдында тұрған жауапты тапсырмалардың бірі. Өлкетану «Ұлт мәдениетінің» басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Өлкетану ақпараттық ресурстарын сақтау міндеті сирек кездесетін жергілікті басылымдар депозитариі болып саналатын аймақтық кітапханаларға жүктеліп отыр. Өлкетану ақпараттарын сақтаудан басқа кітапханашылардың маңызды қызметі – ақпартқа еркін қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.

Корпоративтік кітапханалар жүйесін аймақтар аясында құру мен республикалық кітапханалық – ақпараттық орталықтармен бірлесіп жұмыс істеу , кітапханалық өлкетануға жаңа технологияны дамыту мен ендірудің перспективалық бағыты болып табылады.

Корпоративтік негізде кітапханалардың жүйелік , өзара бірлескен әрекеті дегеніміз ақпараттық –кітапханалық өндіріс пен қызмет көрсету аясына тартылғандардың барлығын қанағаттандыра алатын ынтымақтастықтың бірден –бір тиімді моделі (үлгісі).

Ақпараттық өнімдер мен өлкетану мазмұндағы қызметтерге деген талаптың өсуіне жинақтар, газет–журналдар және т.б. өлкетану құжаттарындағы, өлкетану мазмұнындағы мақалалардың корпоративтік жазбалары саласында ынтымақтасу мен жиынтық электрондық өлкетану мәліметтер базасын құрудың корпоративтік жобасын жасауға негіз болды.