Абай Құнанбайұлының туған күні.
Абай Құнанбайұлының туған күні.
10 тамыз – ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Осыған орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Абай алаңында «Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты ашық аспан астындағы салтанатты шара өтті.
Шарада Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның рухани мұрасы дәріптелді. Жиынға өңір зиялылары, мемлекеттік мекеме өкілдері, ардагерлер, мәдениет, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ дәстүрлі «Абай оқулары» және «Абай әлемі» облыстық байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы байқауларда қатысушылар Абай шығармаларын мәнерлеп оқып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ақын мұрасын заманауи форматта насихаттады.
Мерекелік кеште Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония әншілері Абай әндерін орындап, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Абай бейнесінде қара сөздерінен үзінді оқыды.


Пікір үстеу