Мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Сарықызы Әйтімова 1953 жылы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Бакаушин ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Орал педагогикалық институтын аяқтаған, кейін 1989 жылы Алматы саясаттану институтын бітірген. Және 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ МҰУ-н бітірген. Еңбек жолын 1974-76 жылдары мұғалімдіктен бастаған Бірғаным Сарықызы 1976-1979 жылдары Зеленов ауданының «Пермь» кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1979-83 жылдары Орал қалалық комсомол комитетінің І хатшысы болды. 1983-1987 жылдары ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы, 1987-90 жылдары Қазақстан балалар қоры төрағасының орынбасары. 1990 -93 жылдары Жоғарғы Кеңес депутаты, 1993-96 жылдары Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі министр, 1996-97 жылдары сенатор, 1997 жылдан Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі төтенше және уәкілеттеі елшісі қызметін атқарды.

2006 жылдан Бірғаным Сарықызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері қызметінде.