Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Айталиев Шмидт Мұсаұлы 1935 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген. Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер. ҚазМУ-ды бітірген. 1957-60 жылдары Орал педагогика институтының ассистенті. 1960-76 жылдары және 1987-91 жылдары Қазақстан ҒА Математика және механика институтының, 1976-86 жылдары Сейсмология институтының, Механика және машинатану институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1992-97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик-хатшысы қызметін атқарды. 1997 жылдан ҚР ҒМ-ҒА-ның физика-математика бөлімшесінің төрағасы. Негізгі ғылыми еңбектері тау жыныстары механикасына арналған. Біртекті және әртекті анизотроптық серпімді-пластикалы тұтқыр массивтегі жер асты құрылыстарының статикалық және динамикалық кернеу күйін, деформациялануын, қозғалуын, беріктілігі мен орнықтылығын зерттеген. Жер асты бекітпелерінің жаңа құралымдарын есептеу әдістерін жасады. 9-10 балдық жер сілкінісі кезіндегі болашақ Алматы сетросының сейсмикалық орталығын анықтады. Сондай-ақ терең мұнайгаз оқпарын бұрғылау динамикасының кейбір өзекті мәселелерін де зерттеді. Шмидт Айталиев республикадағы жер асты құрылыстары механикасының ғылыми мектебін құрушылардың бірі.
Айталиев Шмидт Мұсаұлы
просмотров: 5

